Қыркүйектің 17-сі күні Алматыдағы «Ұлттық баспасөз клубында» «Мінбер», «Назар», «Алтын Орда» сайттарының тұсаукесер рәсіміне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Бүгінгі таңда адамзат баласының тыныс-тіршілігін интернетсіз елестету мүмкін болмай барады. Алайда, инернет-журналистиканың еліміздегі ақпарат кеңістігінде адымы ашылмай тұрғаны белгілі. Міне, осы олқылықты жою мақсатында «Мемлекеттік тілді қолдау» қоры біршама іс-шараларды жүзеге асырды. Соның бірі ретінде қазақ тілді интернет сайттарын қолдау барысындағы нәтижелі еңбектерді атауға әбден болады. Таяуда «Мемлекеттік тілді қолдау» қорының жәрдемімен үш бірдей интернет сайты өмірге келді. Олар: «Мінбер» (minber.kz) Ұлттық интернет газеті, қазақтілді БАҚ-та жарық көрген өзекті мақалаларды орыс тіліне аударып басатын «Алтын Орда» интернет газеті және қазақ журналистерінің қоғамдық қоры ашып отырған «Назар» (zamandas.kz) интернет газеті. «Бүгінде қазақтың электронды бұқаралық ақпарат құралдары мен мерзімді баспасөзі дамығанмен интернет журналистикасы өз деңгейінде емес. Соның салдарынан болса керек, қазақтілді аудитория орыс газеттері мен интернет сайттарына жүгініп, ақпаратты солардан алуға мәжбүр. Аталған сайттардың негізгі мақсаты жоғарыда айтылған олқылықтардың орнын толтыру болып табылады. Өз кезегінде үш сайт та қазақ интернет журналистикасын дамытуға үлес қосып, осы салада өз қолтаңбаларын қалдырады деген сенімдеміз», — дейді баспасөз мәслихатын өткізген әріптестеріміз. Баспасөз мәслихатында «Мінбер», «Алтын Орда», «zamandas.kz» сайтының жеткшілері қатысып сөз сөйледі. — Қазақ тілінде сайт ашудың пәлендей қиындығы жоқ екен. Оқырман аудиториясы да қалыптасып үлгеріпті, — деді баспасөз мәслихатының барысында «Алтынбек Сәрсенбайұлы қорының» директоры, abai. kz ақпарттық порталының қызметін үйлестіруші Айдос Сарым мырза. — Біз, қазақтілді интернет сайттарының жұмысын жолға қойып бастаған журналистер, арзан атаққа ұмтылатын бәсекелес емес, алдымен тілеуқор әріптеспіз, — деді белгілі журналист, «Мінбер» (minber.kz) Ұлттық интернет газетін ұйымдастырушылардың бірі Есенгүл Кәпқызы abai. kz ақпарттық порталының тілшісіне. Әріптестерімізге біз ақпарат кеңістігінде зор абройға ие бола беріңдер деп тілейміз.
- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Қазақша сайттар ашылды
Қазақша сайттар ашылды
18 Қыркүйек 2009 | 3:38
Видео
Мұрағат →Өзге жаңалықтар
Мұрағат →-
Soyle әрқашан әлеуметтік жобаларды қолдауға тырысады
6 Ақпан 2024
Soyle әрқашан Skills Enbek сияқты әлеуметтік жобаларды қолдауға тырысады және қазақ тілін үйренгісі келетіндер үшін ең жақсы оқу жағдайларын қамтамасыз етеді. Skills Enbek платформасында қазақ тілін үйренуге арналған жарнамалық курсты іске қосқанымыз туралы жаңалықпен бөлісуге қуаныштымыз. Skills Enbek – нарықтық принцип (қызмет көрсету нарығы) негізінде онлайн курстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін халықаралық оқыту платформаларының қазақстандық […]
-
ЕЛОРДАДА ЖАС АҚЫНДАР МЕН ЖАЗУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
8 Желтоқсан 2023
Нұрсұлтан Назарбаев Қорында дарынды жас ақындар мен жазушылар марапатталды. Мұнда «Алтын тобылғы» республикалық әдеби байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл үздік қаламгерлер «Жылдың үздік прозасы», «Жылдың үздік поэзиясы», «Жылдың үздік драматургиясы», «Жылдың үздік балалар шығармасы», «Фантастика жанрындағы үздік шығарма», «Жылдың үздік киносценарийі», сонымен қатар, «Жаңа Қазақстанның жасампаз ұрпағы» (арнайы номинация) сынды жеті номинация бойынша анықталды. Әр номинацияның жеңімпаздарына 2 млн. теңге, ал арнайы номинацияның жеңімпазына 3 млн. теңге сыйлықақы беру көзделген. «Алтын тобылғы» — Нұрсұлтан […]
Бізге қосыл!
- Вконтакте