Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

#SOYLE ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА ІС-ШАРАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

29 Тамыз 2016 | 7:02

99929 тамыз күні Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік тілді дамыту қорының
директоры Азат Шауеевтің қатысуымен «#Soyle жобасы аясында жаңа бағаттар жүзеге асады» тақырыбында пресс-конференция өтті.

Қазақ тілін үйрету, насихаттау және қолданыс аясын кеңейту мақсатында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Soyle жобасының аясында жаңа іс-шараларды жүзеге асырады: «Soyle.kz» әдістемесі бойнша Skype арқылы қазақ тілін үйрету және жаңа «Quzhat.kz» порталын әзірлеуді қолға алу. Жобаны іске асырушы — Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

«Soyle» — тілдің қоғамдағы мәртебесін арттыру, қолданыс аясын кеңейту бағытында ғаламтор арқылы  қазақ тілін тегін онлайн режимінде үйретуге арналған озық жоба. Жоба үш бағыт бойнша жүзеге асады:  Soyle.kz порталын жетілдіру, «Soyle.kz» әдістемесі негізінде Skype арқылы қазақ тілін үйрету және жаңа «Quzhat.kz» порталын жасау.

Бүгінгі таңда S888oyle.kz арқылы тіл үйренушілердің саны 45 мыңнан асты. Ашылғалы 2 жылдың ішінде еліміз бен шет елдерден 1 млн-ға жуық адам портал қызметін пайдаланған. Өткен жылы Android платформасында ашылған Soyle мобильдік қосымшасы арқылы 15 мыңнан астам пайдаланушы қазақ тілін үйреніп жатыр. Жақын уақытта  IOS платформасында Soyle қосымшасы ашылмақ. Ыңғайлығын және функционалдылығын арттыру мақсатында «Soyle.kz» порталын одан әрі жетілдірілу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Пайдаланушыларға қазақ тілін тереңдетіп оқытуға арналған жаңа сабақтар әзірленуде.

Екінші бағыт —  «Soyle.kz» әдістемесі бойынша Skype арқылы қазақ тілін үйрету жобасы 1 қыркүйектен басталады. Skype арқылы оқытудың негізгі мақсаты – тыңдаушыларды қазақ тілінде емін-еркін сөйлесуге үйрету. Skype арқылы оқыту аз уақыттың ішінде тілді үйреніп, жоғары жетістіктерді көрсетуге мүмкіндік береді. Сабақтар сөздік қорды молайтуға, сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Skype арқылы қазақ тілінIMG_2852
оқытудың артықшылықтары – уақыттың үнемделуі мен ыңғайлылығы. Сабақтарды үздік оқытушылар тегін өткізеді. Skype арқылы оқуға өтінімдерді Soyle.kz порталында қалдыруға болады.

Сондай-ақ,  #Soyle жобасы аясында қызметкерлерге ресми іс-қағаздарын жүргізуді онлайн үйрететін тұңғыш —  «Quzhat.kz» (іскери құжаттар үлгілері) интернет порталын әзірлеу қолға алынады.