Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақстан халқының бірлігі күні

3 Мамыр 2016 | 10:48

den_yazykov_naroda_kazakhstana Мамыр айының басында елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні тойланады. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 150-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын атап өтеді. Бұл күн әрбір Қазақстан азаматы үшін Отанға деген сүйіспеншілік сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің мерекесі.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқының он жетінші сессиясында сөйлеген сөзінде «Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспетті» деп көрсетті. Ол өз сөзінде «Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады» деп атап өтті.
Осы мереке қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры украин, өзбек, ұйғыр ұлттық-мәдени орталықтарында кездесулер өткізіп, оларға өз тіліндегі балаларға арналған кітаптарды сыйлады.
Мемлекеттік тілді дамыту қоры барша қазақстандықтарды осы көктем мерекесімен құттықтап, Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелуіне тілектестігін білдіреді!