Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

SMART.TV-ға арналған «Soyle.kz» қосымшасының тұсау кесері

20 Мамыр 2015 | 6:14

111112015 ж. 20 мамырда «Қазмедиа» Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен “Samsung Electronics Central Eurasia” компаниясы бірлесіп SMART.TV-ға арнайы әзірлеген «Soyle.kz» қосымшасының тұсау кесері өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Әділбек Мұсабаев, “Samsung Electronics Central Eurasia” компаниясының президенті Юн Су Ким мырза және Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев қатысты.

Бұл қосымшаның әзірленуі қазақ тілінің әлемдік ақпараттық жүйеге енуіне ықпал етпек. Енді «Soyle.kz» қосымшасының көмегімен үйде теледидар алдында отырып-ақ SMART.TVарқылы қазақ тілін үйренуге болады.

Soyle.kz – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Samsung Electronics» компаниясының қолдауымен 2013 жылдың желтоқсан айында ашылған қазақ тілін үйрететін алғашқы тегін онлайн курс.

«Soyle.kz» – қазақша әдеби-ауызекі сөйлеу тілін үйренудің тиімді жүйесі. Портал іске қосылғаннан бергі бір жыл ішінде оның қызметін әлемнің түкпір-түкпірінен 350 мыңнан астам пайдаланушы қолданып, арнайы тіркеліп тіл үйреніп жатқан адамдардың саны 23 мыңнан асты. Онлайн курс тәулік бойы жұмыс істейді, мұнда өзіңізге қолайлы кез келген уақытта тіл үйрене аласыз.

Интернет порталда көптеген оқу-жаттығу жұмыстары қамтылған: жаңа сөздердің оқылуы мен аудармасы, сөздік қорды молайту жаттығулары, стандартты сөз тіркестері, күнделікті қолданылатын дайын сөз орамдары, жағдаяттық диалогтар, аудио және бейне материалдар, тест сұрақтары, ақпараттық материалдар және т.б. көптеген мәлімет. Ресурс 10 бөлімнен тұрады: «Сабақтар», «Сөйлейміз», «Оқимыз», «Тыңдаймыз», «Жазамыз», «Үйренеміз», «Көреміз», «Тақырыптық сөздік» «Өзіңді тексер», «Кітапхана».
«Портал жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында сервер параметрлері мен программалық жүйесін жаңарту және кеңейту шараларын жүзеге асырдық. Біз порталдың жұмыс жылдамдығын барынша ұлғайтып, мобильдік қосымшаның тұрақты жұмыс істеуіне қол жеткіздік», — деп атап өтті А.Шәуеев.

Атап өтер болсақ, тестілеу бағдарламасы жетілдірілді. Қателерің мен дұрыс жауаптарыңды көру мүмкіндігі пайда болды.

vk.com жәнеfacebook.com. әлеуметтік желілері арқылы сайтқа тіркелу (авторизация) қызметі қосылды.

Пайдаланушылар бір-бірімен онлайн режимінде сөйлесе алуы үшін «Онлайн чатты» іске қостық.

Жаңадан «Кітапхана» бөлімі ашылды, бұл жерде түрлі әдеби және танымдық кітаптарды онлайн режимде оқуға мүмкіндік аласыз.

«Өзіңді тексер!» атты жаңа бөлім аштық. Енді қолданушылар өзінің тілді практикалқ тұрғыда қолдану деңгейін тексере алады, әрі өзгелер көмектесе алады.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта «Soyle.kz» әлеуметтік желісінің топтарында 10 мыңға жуық пайдаланушы, ал мобильді қосымша арқылы 5 мыңға жуық пайдаланушы тіл үйреніп жатыр.
Балаларға арналған «bala.soyle.kz»порталын пайдаланушылар саны да күн сайын артып келеді.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметі