Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Ұмытылған батырлар» оралды

5 Мамыр 2015 | 4:57

20150504170936Астана қаласында «Ұмытылған батырлар. Кеңес Одағының Батырлары» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтеді.

Берік Әбдіғалиұлының кезекті бұл еңбегіне Екінші Дүниежүзілік соғыста ерекше көзге түсіп, ерлік көрсеткен отандастарымыз арқау болған.

Кітапта көрсеткен ерліктері үшін дер кезінде «Кеңес Одағының Батыры» атағына ұсынылып, белгісіз себептермен батыр атағы берілмеген, тіптен жадымыздан өшіп қалған аталарамыз туралы тың мәліметтер топтастырылған.

«Ұмытылған батырлар» жайындағы мәліметтер Ресей Қорғаныс министрлігінің архивінен алынып, алғаш рет жариялануда.

Кітап авторының осыдан бес жыл бұрын Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры қызметін атқарып тұрған кезінде қолға алған «Халық батыры» жобасы Жеңістің 70 жылдығы аясында жүзеге асып отыр.

Әзірге «Кеңес Одағы Батыры» атағына ұсынылған 10 қазақстандық батыр жайында мағұлмат табылған.

Жоба мақсаты — тарихи әділеттілікті қалпына келтіру және жас ұрпақ бойына отансүйгіш қасиет дарыту.

Жобаға қолдау көрсеткен «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институты мен «Байқадам Холдинг» компаниясы.

АСТАНА
ҚазАқпарат