Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Soyle.kz мобильді қосымшасы мен «Балаларға арналған қазақ тілі» — bala.soyle.kz порталының тұсаукесері

15 Желтоқсан 2014 | 7:00

Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астанада Soyle.kz мобильді қосымшасы мен балаларға арналған Bala.soyle.kz потралының тұсаукесерін өткізді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры Атқарушы директорының орынбасары Әділбек Мұсабаев, «Samsung Electronics Central Eurasia» компаниясының өкілі Жакежанова Ардақ және Мемлекеттік тілді дамыту Қорының директоры Азат Шауеев қатысты.

Soyle.kz – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Samsung Electronics» компаниясының қолдауымен ашылған қазақ тілін онлайн режимінде тегін үйрететін тұңғыш интернет портал.

Ашылғалы бері елімізден және шет елдерден енген 250 мыңнан астам адам портал қызметін пайдаланған болса, олардың 16 мыңға жуығы тіркеліп, қазақ тілін үйреніп жатыр.

Soyle.kz – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың мемлекеттік тілдің қоғамдағы мәртебесін арттыру, дамыту және қолданыс аясын кеңейту бағытындағы талап-міндеттеріне сай әзірленген озық ІТ жоба.

Soyle.kz мобильді қосымшасы пайдаланушыларға мемлекеттік тілді тегін, өздеріне қолайлы уақытта әрі жылдам үйренуге мүмкіндік беріп отыр. Мобильдік қосымшаны пайдалану нәтижесінде әрбір адам арнайы тілдік курстарға кететін алтын уақытын үнемдей алады. Soyle.kz қосымшасын телефоныңызға немесе планшетіңізге орната отырып, мемлекеттік тілді өзіңізге ыңғайлы уақытта үйрену мүмкіндігіне ие боласыз.

Қосымшаға Soyle.kz порталының барлық бөлімдері және де 3500-ге жуық сөз бен 700-ден астам тілдесу үлгілері толықтай дыбысталған «Тақырыптық сөздік» материалдары еніп отыр. Жинақталған 50 тақырып күнделікті өмірдің негізгі салалаларын қамтиды, бұл есте сақтауда қиындық тудыратын сөздерді кезең-кезеңмен меңгеруге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта қосымшаны Android ОС смартфондарына жүктеп алуға болады. 2015 жылы iOS платформасына шығу жоспарланып отыр.

Балаларға арналған «Балаларға арналған қазақ тілі» — Bala.soyle.kz порталы — мектепке дейінгі бүлдіршіндер мен бастауыш сынып оқушыларына арналған дистанциялық оқытып-үйрету жүйесі. Ойын — тәрбие құралы, ақыл-ойды дамытады, тілді ұстартады, сөздік қорды молайтады, өмірді танып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді. Сондықтан да біз баланы ойната отырып сөйлетуге, суреттерді қарап, заттарды сипаттау, жұмбақ есептерді шешу, құрастыру, тақпақтар жаттау арқылы олардың қызығушылығын арттыруға тырыстық.

Порталда балалар әліпбимен, аудио-сөздіктер арқылы жаңа сөздермен танысып, санауды үйренеді. «Ертегілер», «Сандықша», «Ойындар» атты қосымша бөлімдерде балалар қазақ тілінде мультфильмдер көріп, ән айтып, ертегі тыңдап, санамақтарды үйреніп, тағы да сан алуан қызықты сабақтарды таба алады.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының
Баспасөз қызметі