Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қазақ диаспораларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім — ана тілім» атты X Халықаралық олимпиадасының БАСПАСӨЗ- ХАБАРЛАМАСЫ

26 Маусым 2013 | 5:48

Шетелде тұратын қазақ диаспорасының ерекше дарынды балаларын анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, ТРК «Қазақстан» және Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен ағымдағы жылдың 24-28 маусымында Қазақ Ұлттық өнер университетінің базасында «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қазақ диаспораларына арналған X Халықаралық олимпиадасын өткізеді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты қазақ диаспорасы балаларының ана тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, мәдениеті мен өнері бойынша танымдық қабілетін дамыту, әлемнің әр елдерінде тұратын қазақ жастарының достық байланыстарына ықпал ету, қазақ диаспорасы өкілдері арасында қазақ тілін меңгеру, мәдениетінің деңгейін көтеру және еліміздің тарихына, Қазақстанның қазіргі дамуына қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

Олимпиадаға Германия, Австрия, Голландия, Венгрия, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Моңғолия, Қытай, Ресей Федерациясының Мәскеу, Омск және Алтай өлкесі құрама командалары келеді деп күтілуде.

Халықаралық олимпиада шеңберінде отандастарымыздың «Нұр Отан», халықтық партиясы «Жас Отан» жастар қанатымен, қоғам қайраткерлері, халық қалаулылары ақын–жазушылармен кездесу, Қазақ драматикалық театрының спектаклін тамашалау және тарихи ескерткіштерге саяхаттар жасау жоспарланған.

Олимпиаданың жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен, грамоталармен марапатталады.

Олимпиаданың ашылуы 2013 жылғы 25 маусымда сағат 11.00 де Қазақ Ұлттық өнер университетінің концерт залында өтеді.

Олимпиаданың жабылуы 2013 жылдың 28 маусымында сағат 11.30 да Қазақ Ұлттық өнер университетінің концерт залында өтеді.

Қосымша мәліметтерді Астана қ., Жеңіс даңғылы, 16/1

Телефондар 8 (7172) 44-53-51, 44-53-52,

e-mail: baitukova.baian@mail.ru

«Дарын» РҒПО-нан алуға болады

www.daryn.kz