- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 6)
Жаңалықтар
-
«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы»
16 Қазан 2020
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының 2020 жылғы 14 қазан күнгі ұйымдастырған өзге ұлт жастары арасындағы республикалық онлайн байқау осылай деп аталады. Бұған дейін үш жыл қатарынан «Тілдарын» байқауы деп аталған бұл сайыс биылдан бастап «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауы аталып ауқымын кеңейтіп отыр. Қатысушыларды құттықтаған Комитет […]
-
«Кім білгіш?» онлайн турнирінің IІ туры басталғанын хабарлаймыз
15 Қазан 2020
«Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша халықаралық онлайн турнир жалғасуда. І тур аяқталды, оның нәтижесі сайттың «I ТУР НӘТИЖЕЛЕРІ» қосымша парағында орналастырылды. Ал енді, достар, IІ тур басталады. І тур қорытындысы бойынша ең үздік жалпы нәтиже көрсеткен қатысушылардан 120 қатысушы (70 қатысушы қазақ тілінде ойнағандар, 50 қатысушы орыс тілінде ойнағандар) екінші турға өтеді. Екінші турда ұйымдастырушылар […]
-
«Абай әлемі» байқауының жеңімпаздары анықталды
6 Қазан 2020
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған студенттер мен магистранттар арасында ұйымдастырылған «Абай әлемі» үздік ғылыми жұмыс байқауының қорытындысы жарияланды. Байқау ұйымдастырушылары — Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстанның әр өңірінен келіп түскен 100-ден астам ғылыми жұмысты іріктеп алды. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан: «Байқауды ұйымдастыру […]
-
«Мен – ұстаз» жаңа қосымшасы іске қосылды
1 Қазан 2020
Ұстаздар күнінің қарсаңында «Soyle.kz» онлайн порталының «Мен – ұстаз» жаңа қосымшасының іске қосылғанын хабарлаймыз. Қосымша қазақ тілін оқытушы мамандарға онлайн білім беруде оқушыларды топтастырып, сабақ өткізуді ұйымдастыруға көмектеседі. Сонымен қатар, порталдағы ақпараттардың негізінде жеке оқу бағдарламасын жасауға, үй жұмыстарын беріп-тексеруге және оқу барысын қадағалауға мүмкіндік береді. «Мен – ұстаз» қызметі оқытушы мамандарға ғана емес, кез-келген қазақ тілін […]
-
«Абай әлемі» байқауы туралы ақпарат
14 Қыркүйек 2020
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры студенттер мен магистранттар арасында өткізілген «Абай әлемі» ғылыми байқауының жеңімпаздары 2020 жылдың қазан айында анықталатындығын хабарлайды. Біздің жаңалықтарымызды күтіңіздер!
-
«Кім білгіш?» онлайн турнирінің І туры басталғанын хабарлаймыз
10 Қыркүйек 2020
І КЕЗЕҢ БАСТАЛДЫ Құрметті «Кім білгіш?» онлайн-турнирінің қатысушылары! Қатысушыларды тіркеу аяқталып, 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін онлайн режимінде жалғасатын бірінші тур басталғандығын асыға хабарлаймыз. І турдың мақсаты — үміткерлерді іріктеу, қатысушылардың жалпы ойын барысын меңгеруі және олардың профилін құру. І турдың қорытындысы бойынша ең көп жеңіске жеткен, ойын барысында белсенділік танытқан қатысушылар автоматты түрде […]
-
«Алтын тобылғы» байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды
10 Шілде 2020
Конкурс басталуы: 10.07.2020 Конкурстың аяқталуы: 01.11.2020 Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған «Алтын тобылғы» байқауы алтыншы рет бүкіл елден ең үздік жас ақындар мен жазушыларды анықтауды жалғастыруда. Байқаудың басты мақсаты — қазіргі заманғы қазақстандық көркем әдебиетті қолдау, дамыту және насихаттау. Жүлде конкурс негізінде төмендегі номинациялар бойынша тағайындалады: «Жылдың үздік прозасы» «Жылдың үздік поэзиясы» «Жылдың үздік драматургиясы» «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы» […]
-
«Кім білгіш?» онлайн турниріне қатысыңыз!
9 Шілде 2020
Н.Назарбаев: «Қазақстан баршаға табыс пен өсіп-өркендеуді қамтамасыз ететін өзінің жастарына қажетті білім мен машықтар беруі тиіс». Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 9, 10 және 11 сынып оқушыларын интеллектуалды-танымдық «Кім білгіш?» онлайн турниріне қатысуға шақырады. Турнирді Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырады. Турнирдің мақсаты – оқушылардың шығармашылық ойлау, қарым-қатынас, зерттеу қабілеттерін дамыту, демалыс уақытында зияткерлік белсенділіктерін арттыру. «Кім білгіш?» […]
-
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» ғылыми байқауына өтінім қабылдау мерзімі 1 айға ұзартылды
15 Мамыр 2020
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры студенттер мен магистранттар арасындағы «Абай әлемі» ғылыми байқауына өтінім қабылдау мерзімін ұзартты. Өтініштер ағымдағы жылдың 25 маусымына дейін abai_fond@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. Жеңімпаздар 2020 жылдың шілде айында белгілі болады. Еске сала кетейік, байқауға магистранттар мен студенттердің қазақ тіліндегі бұрын жарияланбаған, түпнұсқадағы ғылыми […]
-
Қазақ тілін үйренуге арналған сайттар мен қосымшалар тізімі
13 Мамыр 2020
Карантин мен оқшаулау – өз-өзіңізді дамытуға, фильм қарау және кітап оқумен қатар, қазақ тілін меңгеруге де өте жақсы мүмкіндік болмақ. Осы орайда ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры қазақ тілін үйретуге және қазақ мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстыруға арналған жобаларын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстандағы алғашқы қазақ тілін үйренуге арналған тегін онлайн […]