- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 3)
Жаңалықтар
-
Пимслер әдісі бойынша қазақ тілін оқудың жаңа формасы басталды
17 Ақпан 2022
Сүйікті пользователи! Плейлист бойынша қазақ тілін оқудың жаңа формасының басталғаны туралы қуана хабарлаймыз. Сабақтар әлемдік тәжірибеде үздік әдістердің бірі ретінде танылған доктор Пол Пимслердің әдістемесі бойынша әзірленген. Пимслер әдісі төрт негізгі идеяға негізделген: антиципация, деңгейлі аралық қайталау, сөздік ядро және үйлесімді оқыту. Біздің жағдайда, сабақтарды қайталау арқылы (бір уақытта өз ісіңізбен айналысып) қазақ тілін үйренуге […]
-
Ұлттық аңыздардың желісімен жазылған комикстердің сатылымы басталды
28 Қаңтар 2022
Сіздерге «Ұлы дала аңыздары» атты комикстердің сатылымы басталғанын асыға жариялаймыз. Үш тілде жазылған жобаның онлайн нұсқасын qazcomics.kz сайтынан оқи аласыздар. Комикстердің графикасы шетелдік стильде салынғанымен, түркі колориті тұнып тұр. Қазіргі таңда әлемді жаулап алған жапондық мангалардың қабырғасымен тең. Сонымен қатар, комикстердің ерекшелігі – ұлттық аңыздар мен эпостардың заман талабына сай өңделіп берілгені. Бұл комикстерде: ер […]
-
«АЛТЫН ТОБЫЛҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
20 Желтоқсан 2021
Еліміздің әдебиет саласында қабілетін көрсеткен шығармашыл дарынды жастар аз емес. Бұған «Алтын тобылғы» республикалық байқауының қорытындысы дәлел. Биыл жетінші рет өткізілген сайысқа жас ақындар мен жазушылардан 156 шығарма түсті. Бұл заманауи қазақстандық әдебиетті дамытуға, жас қаламгерлерді қолдау мен шығармашылығын насихаттауға бағытталған. Қатысушылар бес номинацияның бірінің жеңімпазы атануға барын салды. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары […]
-
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
15 Желтоқсан 2021
Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде! 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі тарихи құжат – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» №1008-XII Конституциялық Заң қабылдады. Сол күні Қазақ КСР Президенті лауазымына Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Еліміздің жаңа тарихы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты. Мемлекеттік тілді дамыту қоры […]
-
Халықаралық «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық турнирінің қорытындысы шықты
8 Қараша 2021
«Nazarbaev ortalygy» балаларды дамыту орталығында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры жариялаған «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша жоғарғы сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған халықаралық турнирдің финалдық ойыны және марапаттау рәсімі өтті. «Кім білгіш?» ойыны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтті. Шараға Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы және Мемлекеттік тілді […]
-
Нұр-Сұлтанда «Кім білгіш?» турнирінің финалы өтеді
25 Қазан 2021
Интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша 9, 10 және 11 сынып оқушылары арасында жыл сайынғы халықаралық онлайн турнирінің финалдық ойыны үстіміздегі жылдың 8 қарашасы күні, сағ. 9:00-де Нұр-Сұлтан қаласында, Ә.Бөкейхан көшесі, «Nazarbaev ortalygy» даму орталығында өтеді.
-
Студенттер мен магистранттар арасында жыл сайын өткізілетін «Абай әлемі» ғылыми байқауының жеңімпаздары анықталды
18 Қазан 2021
Байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры екінші рет өткізіп отыр. Байқаудың мақсаты студенттер мен магистранттарды Ұлы Абайдың шығармашылығын зерттеу жұмысына тарту және дарынды жас ғалымдарды қолдау болып табылады. Байқау 17 наурыз бен 1 тамыз аралығында өтті. Оған Қазақстанның әр өңірінен 100-ден астам жас қатысты. Конкурстық жұмыстарды кәсіби мамандар мен белгілі абайтанушылар бағалады. […]
-
«Онлайн оқытудың әдістері» вебинарының нәтижесі
7 Қазан 2021
2021 жылдың 26 қыркүйегінде Мемлекеттік тілді дамыту қорының «Soyle.kz» порталы еліміздің мұғалімдеріне онлайн оқытудың әдістерін үйрету мақсатында онлайн бейнесабақ (вебинар) өткізді. Барлығы 200-ден астам мұғалім қатысты. Бейнесабақтың қорытындысы бойынша тестілеуден өткен 51 қатысушы арнайы сертификаттарға ие болды. Сертификат алған мұғалімдердің тізімі: Естаев Дәурен Естайұлы Бексұлтан Диана Бақытқызы Дуйсембаева Бакыт Бакытбаевна Жолдасова Эльмира Кульниязқызы Тоғатай Айгерім […]
-
Дариға Назарбаева: «Мемлекеттік тілді дамыту бойынша жаңа жобаларды қолдауға дайынбыз»
28 Қыркүйек 2021
Нұр-Сұлтан қаласында «Ұлы Дала аңыздары» комикстерінің тұсаукесері өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Ұлы дала аңыздары» топтамасынан жаңа комикстер шығарылымының тұсаукесері мен комикстер желісі бойынша түсірілген көркем фотосуреттер көрмесін өткізді. Іс-шараға елшілік дипломаттары, депутаттар, белгілі қоғам қайраткерлері, дизайнерлер, суретшілер және т.б. қатысты. «Ұлы дала аңыздары» жобасы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті […]
-
Вебинар: «Онлайн оқытудың әдістері»
13 Қыркүйек 2021
Мемлекеттік тілді дамыту қорының «Soyle.kz» порталы үстіміздегі жылдың 26 қыркүйегі күні сағ.17:00-де еліміздің мұғалімдеріне онлайн оқытудың әдістерін үйрету мақсатында ZOOM арқылы онлайн бейнесабақ (вебинар) өткізеді. Бейнесабақтың қорытындысы бойынша тестілеуден өткен қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылады. Вебинарға тіркелу үшін қатысушы Мемлекеттік тілді дамыту қорының электронды поштасына (info@qazaq-found.kz) 22 қыркүйекке дейін аты-жөні мен ұялы телефон нөмірін жіберу керек. […]