- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 21)
Жаңалықтар
-
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЕНДІ ONLINE РЕЖИМІНДЕ
5 Желтоқсан 2013
«www.soyle.kz» — Қазақстанда тұңғыш рет мемлекеттік тілді онлайн режимінде тегін оқытатын Интернет-портал іске қосылды. Бүгін Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қоры мемлекеттік тілді тегін оқытатын«www.soyle.kz» Интернет-порталының ашылу рәсімін өткізді. Бұл жоба «Қазақстан -2050» Стратегиясында айтылған міндеттерді орындау мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының Қоры мен «Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia» Компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып […]
-
Менің Қазақстаным – менің болашағым
29 Қараша 2013
Үстіміздегі жылғы 29 қарашада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қор ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырып «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты республикалық конференцияны өткізді. Конференцияға қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері, ғалымдар, мектеп мұғалімдері, қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушылары, Қор Сараптамалық кеңесінің мүшелері, студенттер мен оқушылар қатысты. Конференцияны жазушы, саясаттанушы Болат Жүнісбеков жүргізді.
-
Мемлекеттік тіл – мемлекет тірегі
25 Қараша 2013
2013 жылғы 25 қараша күні Алматы қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қор «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Мемлекеттік тіл – мемлекет тірегі» тақырыбында жастармен кездесу өткізді.
-
«Патриотизм менің өзімнен басталады»
11 Қараша 2013
Үстіміздегі жылдың 7 қарашасында Мемлекеттік тілді дамыту қоры ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасы бойынша жоғары сынып оқушыларымен «Патриотизм менің өзімнен басталады» тақырыбында кездесу өткізді.
-
«Қазақтілді сайттардың ұлттық сыйлығы» байқауы жалғасуда
28 Қазан 2013
Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі қарсаңында жариялаған еліміздің ғаламтор кеңістігінде қазақ тілінде ақпарат тарататын интернет-сайттар арасындағы байқауы жалғасуда. Байқаудың мақсаты — Қазақстандағы интернет жүйесінің қарқынды дамуына, соның ішінде ақпараттық ресурстар мен сервистерді дамытуға, қоғамның ақпараттық мәдениеттілігін жоғарылатуға, желілік қауымдастыққа жаңа пайдаланушыларды тартуға, қазақтілді үздік ресурстардың Интернет желісіндегі танымалдылығын арттыруға ықпал ету. […]
-
Қазақтың тілін үйрету үшін барлық әкімшіліктер көңіл бөліп, оқытып, үйретуі керек — Мемлекет басшысы
18 Қазан 2013
Мемлекеттік тіл мәселесіне барынша ден қоятын кез келді. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХV съезі барысында партия Төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
-
«Мемлекеттік тіл – менің тілім»
16 Қазан 2013
2013 жылғы 12 қазан күні Астана қаласы Ғ.Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында Мемлекеттік тілді дамыту қоры ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында оқушылар арасында өткен республикалық шығарма жазу байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді.
-
«Жаңа патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі»
1 Қазан 2013
Үстіміздегі жылғы 26 қыркүйекте ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Мемлекеттік тілді дамыту қорының ұйымдастыруымен «Жаңа патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» атты республикалық конференциясы өтті. Конференцияға қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері, ғалымдар, қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, Қор Камқоршылық және Сараптамалық кеңесінің мүшелері қатысты.
-
Қазақ тілі – біздің рухани қазығымыз.
13 Қыркүйек 2013
Үстіміздегі жылғы 12 қыркүйекте Мемлекеттік тілді дамыту қоры ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ақмола облысындағы саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде алқалы жиын өткізді. Жаңа қазақстандық патриотизм тақырыбына арналған бұл шара алдағы Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай өткізілді.
-
«Ұлттық мәдениетіміздің мәйегі — халық аспаптары мұражайы»
4 Қыркүйек 2013
Үстіміздегі жылғы 29 тамызда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ықылас Дүкенұлы атындағы халық аспаптары мұражайында Мемлекеттік тілді дамыту қорының ұйымдастыруымен мазмұнды басқосу болып өтті. Дөңгелек үстел басына жиналған зиялы қауым өкілдері, мұражай мамандары мен Қор сарапшылары құнды тарихи жәдігерлер сақталған осы мұражайдың қоғамның барша мүшелерінің, әсіресе өскелең ұрпақтың мәдениетіміз бен тарихымызға деген қызығушылығын, […]