- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 20)
Жаңалықтар
-
Астанада «Қазақша білесің бе? Досыңа үйрет!» атауымен жыл сайын өткізілетін тілдік байқауының қорытындысы шығарылды
2 Желтоқсан 2011
Бүгін «Мемлекеттік тілді дамыту» қоры Астана Политехникалық колледжінің студенттері арасында қазақ тілін үйренуге және қазақша сөйлеуге ынталандыру мақсатында өткізілген «Қазақша білесің бе? Досыңа үйрет!» тілдік байқауының қорытындысын шығарды.
-
Тіл жанашырларына құрмет
29 Қараша 2011
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай елордадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Тіл жанашыры» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен және Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің қолдауымен «Тіл жанашыры» Құрмет белгісімен марапаттау рәсімі болып өтті. Елбасы Жарлығымен бекітілген
-
Астанада «Қазақша білесің бе? Досыңа үйрет!» атты жылда өткізілетін байқау басталды
18 Қазан 2011
«Мемлекеттік тілді дамыту» қоры Астана Политехникалық колледжінде «Қазақша білесің бе? Досыңа үйрет!» атты жаңаша үлгідегі тіл байқауын бастады.
-
Астанада жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақшаңыз қалай?» атты қалалық байқау өтті.
12 Қазан 2011
2011 жылдың 12 қазан күні Астанада М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Мемлекеттік тілді дамыту» қоры, «Жігер-одақ» қоғамдық бірлестігі және «KZ» қоғамдық қорының қолдауымен «Қазақшаңыз қалай?» атты балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында тілдік байқауы өтті. Байқаудың мақсаты оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын молайту, ойларын көркемдеп жеткізу дағдысына қалыптастыру. Сондай-ақ, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру, […]
-
5 қазанда ҚИДИ акционерлік қоғамында мемлекеттік тілді дамытудың өзекті проблемалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
6 Қазан 2011
2011 жылғы 5 қазанда «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның (бұдан әрі — «ҚИДИ» АҚ-ы) офисінде «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамында мемлекеттік тілді дамытудың өзекті проблемалары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
-
Көкшетауда «Халықаралық қазақ тілі қоғамының» V-құрылтайы өтті
22 Қыркүйек 2011
Ол ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Қазақстан Халқы тілдерінің 13-республикалық фестивалі аясында ұйымдастырылды.
-
«Қазақша сөйлесейік!» акциясы
21 Қыркүйек 2011
Астанада «Мемлекеттік тілді дамыту» қоры мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты жыл сайын бірлесіп өткізетін «Қазақша сөйлесейік!» акциясының басталуы туралы жариялады
-
Қазақ тілін өз бетімен үйренемін деушілер үшін орысша-қазақша көпсалалық тілашар басып шығарылды
16 Қыркүйек 2011
Астанада орысша-қазақша көпсалалық тілашардың тұсауы кесілді. ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Шерубай Құрманбайұлы атап көрсеткендей, мемлекеттік тілді өз бетінше үйренуге арналған тілашарлар Қазақстандық азаматтар ең көп қызмет ететін және күнделікті өмірде жиі кездесетін 10 саланы қамтиды. Олар — «Дастарқан», «Денсаулық», «Саяхат», «Кәсіп», «Сауда», «Спорт», «Қызмет», «Шаңырақ», «Мәдениет», «Білім».
-
Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының аға кеңесшісі Александр Винниковпен кездесті
14 Қыркүйек 2011
Бүгін Астанада «Мемлекеттік тілді дамыту» қорының директоры Азат Шәуеев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының аға кеңесшісі Александр Винниковпен кездесті.
-
Алматыда «balbulaq.kz», «economika-qun.kz» және «kazmunai.kz» атты мемлекеттік тілде шығатын үш web-сайттың ашылу рәсімі өтті
7 Қыркүйек 2011
Алматыда «Мемлекеттік тілді дамыту» қоры «ҚазМұнайГаз» ҰК» Акционерлік қоғамының қолдауымен әзірленген балаларға арналған balbulaq.kz танымдық порталының, экономикалық тақырыптағы «economika-qun.kz» және мұнай, газ тақырыбына арналған kazmunai.kz деп аталатын үш интернет-сайттың ашылу рәсімін өткізді.