- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 11)
Жаңалықтар
-
Елбасы қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа өзгеріс енгізді
20 Ақпан 2018
ҚазАқпарат — Елбасы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан […]
-
Астанада алғаш рет ерекше оқыту қажеттіліктері бар оқушылардың қатысуымен спорттық инклюзивті фестиваль өтті.
17 Ақпан 2018
«Астана — рухы мықты адамдар қаласы» атты астаналық бағдарлама шеңберінде «Мүгедектігі бар балалар ата-аналарының қоғамы «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық бірлестігі және Астана қаласының № 83 мектеп -гимназиясы, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы мен Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен I «Тең мүмкіндіктер әлемі» балалар инклюзивті спорт фестивалі өткізілді. Іс-шараның мақсаты — ерекше оқыту қажеттіліктері бар […]
-
Қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып арасында қазақ тілін меңгеру бойынша «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты ХІI республикалық қашықтық олимпиадасы өтті
5 Қаңтар 2018
Ақыл-ой және рухани дамудың, қарым-қатынастың құралы ретінде қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылық танытқан, лингвистикалық қатынаста дарынды оқушыларды қолдау және анықтау мақсатында Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен Ұлттық тестілеу орталығының КАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының қолдауымен өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» XІI республикалық […]
-
Астанада «Алтын тобылғы» шығармашылық байқауының қорытындысы бойынша Қазақстанның ең үздік жас жазушылары марапатталды
14 Желтоқсан 2017
2017 жылдың 13 желтоқсанда Назарбаев орталығында жас жазушыларға арналған «Алтын тобылғы» жыл сайынғы республикалық байқауының қорытындысы бойынша Қазақстанның ең үздік жас жазушылары марапатталды. Іс-шара ҚР Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды. Байқау жыл сайын ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қорымен, сонымен қатар Қазақстан Жазушылар одағы мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен өткізілуде. Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық […]
-
Жыл сайынғы Үздік қазақтілді интернет сайт байқауының жеңімпаздары анықталды
23 Қараша 2017
Бүгін Назарбаев орталығында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының сыйлығына Үздік қазақтілді интернет сайт байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау осы жылы үшінші рет өткізіліп отыр. Байқауды ұйымдастырушылар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры және Мемлекеттік тілді дамыту қоры. Марапаттау рәсіміне ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан АЙТЖАНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің […]
-
«Жаңа әліпби — жаңғыру жолы»
7 Қараша 2017
2017 жылғы 7 қараша күні Астанадағы «Назарбаев орталығында» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және Мемлекеттік тілді дамыту қорының ұйымдастыруымен «Жаңа әліпби — жаңғыру жолы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қоғам қайраткерлері, депутаттар, лингвист-ғалымдар, филологтар, саясаткерлер, белгілі журналистер қатысты. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ әліпбиінің кириллицадан латын әліпбиіне көшуі туралы жарлыққа қол қойған […]
-
Елбасы қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды
27 Қазан 2017
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. «Егемен Қазақстан» Жарлықтың толық нұсқасын ұсынады. Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ […]
-
«Үздік қазақтілді интернет-сайт сыйлығы» жыл сайынғы байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда
23 Қазан 2017
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай үздік қазақтілді интернет-сайт байқауына өтінімдер қабылдау басталғанын жариялаған. Байқау өткізудегі серіктес – Мемлекеттік тілді дамыту қоры. Байқауға үкіметтік емес, тәуелсіз қоғамдық сайттар, ғаламтор кеңістігіндегі тәжірибесі кемінде бір жылды құрайтын, қазақ тілінде ақпарат тарататын және қызмет түрі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез […]
-
2017 жылдың ең ақылды оқушылары болып Бихан Боранбай мен Влада Горбенко атанды
13 Қазан 2017
Павлодар облысы Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 11-ші сынып оқушысы Бихан Боранбай мен Павлодар облысы Ақсу қаласының № 4 орта мектебінің 10-шы сынып оқушысы Влада Горбенко 2017 жылдың ең ақылды оқушылары болып атанды. Үздіктер Назарбаев орталығында (Астана қ.) «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық онлайн турнирінің 13 қазанда өткен қорытынды ойынында анықталды. Сонымен қатар 5000 қатысушыдан […]
-
«QAZAQSTAN3D» ЖӘНЕ «ЖЕТІ ҚАЗЫНА» ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
28 Қыркүйек 2017
Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен Мемлекеттік тілді дамыту қоры әзірлеген «Qazaqstan3D» веб-сайты мен мобильді қосымшасын және «Жеті қазына» энциклопедиялық қосымшасын жұртшылыққа таныстырып, іске қосылуына арналған брифинг болып өтті. Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов пен Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев қатысты. Мемлекет […]