Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
qozhaay

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қор туралы

23_nazarbaev

Қорды құру идеясының авторы Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Елбасымыз тіл жанашырларынан қаржы түсіп отыратын қоғамдық қор құру туралы ұсынысын 2008 жылғы мамырда ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесуінде айтқан болатын.

Ал 2008 жылғы 3 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік Хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен өткен Қор Қамқоршылық Кеңесінің алғашқы отырысында қор басымдықтары айқындалып, жаңа қоғамдық құрылымның директоры болып сол кездегі ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Берік Әбдіғалиев тағайындалды.

Жаңа қоғамдық ұйым 5 қыркүйек күні «Мемлекеттік тілді дамыту қоры» Корпоративтік Қоры болып әділет органдарында тіркелді.

Елбасының тапсырмасы бойынша жаңа құрылымның жұмысты бастап кетуіне ҚР Тұңғыш Президенті Қорынан 48 млн. теңге бөлінді.

Одан кейін Қор орынжай жалға алу, оған тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізу және қажетті жиһаздар мен техникалық құрал-жабдықтар алу сияқты ұйымдастыру мәселелерін шешуге кірісіп кетті.

Осылайша Қордың ресми қызметі 2009 жылғы қаңтарда бірнеше республикалық байқаулар жариялаудан басталды.

Осы байқаулар арасынан Қор Гранттарына жарияланған байқау қоғамның ерекше қызығушылығын тудырды. Аталған байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған 100-ден астам түрлі жобалар келіп түсті. Жоба авторларының ішінде үкіметтік емес ұйымдармен қатар жеке тұлғалар да болды.

Бір сөзбен айтқанда Қор 2009 жылы 6 байқау өткізді. Олар: Қор Гранттарына, орыс тілді БАҚ-тарда қазақ тілін насихаттауға арналған мақалаларға, қазақ тілін жарнамалауға арналған «Қазақ тілі – бірлік пен береке тілі», қазақ тілін оқытудың үздік әдістемесіне, мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілін үйретуге арналған «Бүлдіршіндерге арналған қазақ тілі» және «Қоғамдық тіл инспекциясы» фотобайқауы сияқты республикалық байқаулар.

Қор қызметі жариялы түрде жүргізіліп келеді. Қаржының игерілуі туралы ақпарат бұқаралық ақпарат өкілдерімен тұрақты өтіп тұратын кездесулерде журналистерге жеткізіліп отырады.

Қор құрылғаннан бастап есеп шотқа 88 млн. 900 мың теңге түсті: ҚР Тұңғыш Президенті Қорынан 48 млн. теңге, «Казцинк», «ҚазМұнайГаз» Сауда Үйі» және «ҚазМұнайГаз» Барлау Бұрғылау» Акционерлік Қоғамдарынан 26 млн. теңге, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік-маңызды жобаларға ҮЕҰ арасында жариялаған байқау нәтижесінде 13 млн. 400 мың теңге, С.А. Терещенкодан 1 млн. 500 мың теңге. Бүгінгі таңда Қор осы қаржының 82 млн. 918 мың теңгесін толығымен игерді.

Атап айтқанда 48 млн. 730 мың теңге Қор жариялаған байқаулар, Қор берген Гранттар және әкімшілік шығындарға, 13 млн. 400 мың теңге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша еліміздің аймақтарында әлеуметтік-маңызды жобалар ұйымдастыруға, 10 млн. 700 мың теңге «Ұлттық рух» патриоттық Жобасын жүзеге асыруға және 10 млн. 88 мың теңге бір жылға Қор аппаратын қамтамасыз етуге жұмсалды.

2009 жылы жүзеге асырған жобаларымыз қазақ тілінің қазақстандық әрбір отбасына түгелдей дерлік енуіне ықпал етуге бағытталған Қордың ең алғашқы қадамы болды.

2010 жылдың сәуірінде ҚР Мемлекеттік Хатшысы – Сыртқы Істер министрі Қанат Саудабаев басқаратын қор Қамқоршылық кеңесінің шешіміне сәйкес қорға жаңа директор болып Азат Шәуеев тағайындалды.

А.Шәуеев осы тағайындауға дейін қор директорының бірінші орынбасары болған. Оның алдында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының Ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мідени даму бөлімінің бас сарапшысы қызметтерін атқарған.

Қордың басты ұстанымы – отансүйгіштік және Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде деген сенім.

Елімізде тұрып жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың тілдерін сақтай отырып, олардың арасындағы негізгі қарым-қатынас құралы қазақ тілі болатындығына деген сенім.

Қордың басты идеологиясы – еліміздің ұлттық құндылығы, қазақ мәдениетінің қазығы болып табылатын қазақ тілін дамытуға жан-жақты және барынша ықпал ету.

Қор міндеті Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған бастамаларына қоғамдық қолдау көрсетуді белсендіру, еліміз бен шетелдерде қазақ тілінің қолданысын арттыруға арналған қоғамдық жобаларды қаржыландыру.

Қор өз қызметін үш негізгі бағытта жүзеге асырып отыр:

Қоғамдық бастамаларды ынталандыру және қолдау көрсету (қазақ тілін оқытатын, оған қызығушылық тудыратын ғылыми, мәдени және шығармашылық жобаларға байқаулар ұйымдастыру, Гранттар беру арқылы);

Қоғамды жұмылдыру және қоғамдық бақылау орнату Орталық және аймақтық Сарапшылар Кеңестерін құру, Қоғамдық Ұйымдармен бірлескен меморандумдарға қол қою);

Қазақ тілінің қажеттілігі туралы қоғамдық пікір қалыптастыру және ағартушылық, үгіт-насихат қызметі (еліміздің тарихы, әдебиеті мен мәдениетіне қатысты бұрын жарық көрмеген әдебиеттер әзірлеп шығару, сараптамалық баяндамалар әзірлеу, қазақтілді БАҚ-тар мен интернет-порталдарға қолдау көрсету).

Қор осы үш бағыттағы іс-шаралардың жиынтығы толық жүзеге асқан жағдайда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жолында жаңа инновациялық жобалар мен технологияларды туғызады деп сенеді.

Мемлекеттік тілді дамыту ісіне бірігіп атсалысуға ірі қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар және этномәдени топтардың жұмылуына жол ашылады.

Тұрақты жүргізіліп отыратын қоғамдық бақылау мемлекеттік органдардың тиімсіз іс-шаралар өткізуден бас тартуына, тіл саласына бөлінетін бюджеттік қаражаттың жауапты түрде жұмсалуына итермелейді.

Халқымыздың тарихы, салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті туралы танымдық ақпараттар әлем деңгейінде көпшілік қалың оқырманға қолжетімді болады.

— Жарғы
— Қор басшылығы
— Қордың құрылтайшылары