Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
qozhaay

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА СЫЙЛЫҚ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ

28 Тамыз 2018 | 11:24

2018 жылдың 28 тамызында Астана қаласының «Қасиетті жол» балаларды оңалту орталығында Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Samruk-Kazyna Trust»  әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен бірлесіп ұйымдастырған «Бірінші сынып оқушыларына сыйлық» атты  қайырымдылық шарасы өтті.

«Қасиетті жол» орталығының қызметкерлері, ата-аналары мен болашақ оқушылар мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Қор директоры А. Шәуеев өзінің құттықтау сөзінде оларға өмір жолының жаңа белесінде жетістік пен сәттілік тіледі.

Іс-шарада оқушыларға қажетті кеңсе құралдарымен толық жабдықталған сөмкелер сыйланды. Сонымен қатар Қор әр балаға қазақ тіліндегі балаларға арналған «Тәтті алма» жинағын сыйға тартты.

Ұйымдастырушылар үшін «Қасиетті жол» орталығының балаларына көмек көрсету  жақсы дәстүрге айналды және бүгінде олар балалармен және олардың ата-аналарымен бұл қуанышты сезімді бірге бөлісті.

 

Анықтама:

 

Әлеуметтік серіктес – «Samruk-Kazyna Trust» – Қазақстан Республикасында қайырымдылық, әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыратын, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобы жанындағы әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

 

Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметі