Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
qozhaay

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Жоғарғы сыныптар арасында өтетін жыл сайынғы «Кім білгіш?» республикалық on-line турнирі басталды

21 Мамыр 2018 | 4:25

21 мамырда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры жариялаған «Кім Білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша 9,10,11 сынып оқушылары арасында республикалық on-line турнир басталады.

«Кім Білгіш?» турнирі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтеді. Жобаның мақсаты: дарынды балаларды анықтау, оқушылардың интелектуалдық және танымдық қабілеттерін ынталандыру, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, әлемді танып-білуге қызығушылығын арттыру, қазақ халқының тарихы, мәдениеті туралы білімдерін жетілдіру мен тереңдету, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету.

«Кім Білгіш?»  эрудиттер сайысы дәстүрлі турнирге айналды. Осы жылы Турнир үшінші рет өткізілуде. Алдыңғы екі ойын нәтижесі бойынша  республиканың әртүрлі аймақтарынан келген 22  жоғарғы сынып  оқушылары арнайы дипломдар мен ноутбук, планшет және смартфондар сияқты бағалы сыйлықтарға ие болған.

Биылғы турнирдің ерекшелігі ойынның ағылшын тіліндегі нұсқасының қосылуы, ол қатысушыларға ағылшын тіліндегі білім деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді. Былтырғыдай  турнир оқушыларға тиімді уақытта — жазғы демалыстарда өткізіледі.

«Кім Білгіш?» ойыны спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, әлемде, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарындағы 30 000-нан астам сұрақтардан тұратын мобильді қосымша. Онлайн турнир «Кім білгіш?» интеллектуалды ойыны бойынша қатысушылар арасындағы сайыс түрінде өтеді. Ойыншы алты раунд бойы түрлі категориялардағы сұрақтарға жауап беруі қажет. Ойын жеңімпазы дұрыс жауаптар саны бойынша анықталады. Турнир қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде өткізіледі.

Онлайн турнирге қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі — 2018 ж. 21 мамырынан 30 маусымына дейін. Онлайн турнирге www.qazaq-found.kz  сайтының арнайы байқау парақшасына алдын-ала қатысуға өтінім жіберген республиканың жоғарғы сынып оқушылары (9,10,11 сыныптар) қатыса алады.

І және ІІ тур 2018 ж. 1 шілдеден 31 тамызға дейін онлайн режимінде өтіп, қорытынды тур  Астанада болады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2018 ж. қазанда Астана қаласының «Назарбаев орталығында» өтеді. Финалда ең үздік нәтиже көресеткен қатысушылар бағалы сыйлықтар және арнайы дипломдармен марапатталады.

Турнирдің Ережесімен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының www.fpp.kz  және Мемлекеттік тілді дамыту қорының www.qazaq-found.kz сонымен қатар kto-umnee.qazaq-found.kz. сайттарынан және ресми әлеуметтік желілерінен танысуға болады.

 

«Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық мобильді ойыны бойынша жоғарғы сыныптар арасында өтетін республикалық онлайн турнирдің

ЕРЕЖЕСІ

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық мобильді ойыны бойынша жоғарғы сыныптар арасында республикалық «Кім білгіш?» онлайн турнир өткізеді (әрі қарай Турнир).

1.2.  Турнирдің мақсаты мен міндетері:

— дарынды балаларды анықтау;

—оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға және оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, олардың есте сақтау қабілеті мен шығармашылық белсенділіктерін арттыру;

— білімді насихаттау,;

— өскелең ұрпақты отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу;

— әлемді танып-білуге қызығушылығын арттыру, қазақ халқының тарихы, мәдениеті және дәстүрі туралы білімдерін жетілдіру мен тереңдету;

— оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету.

1.3. Турнир құрылтайшысы — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры.

Байқау өткізудегі ұйымдастырушы мен серіктес – Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

1.4. Турнир туралы барлық ақпаратпен ұйымдастырушылардың www.fpp.kz және www.qazaq-found.kz, сонымен қатар  http://kto-umnee.qazaq-found.kz/ru сайттары мен ресми әлеуметтік желілерінде танысуға болады.

  1. ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ

2.1. Ойын спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, әлемде, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарындағы 30 000 астам сұрақтардан тұратын «Кім Білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша өтеді.

2.2. Ойын бағдарламасы қатысушыларды жұптарға бөліп, жеңіске жеткен ойыншы Турнирдің басқа қатысушыларымен ойынды жалғастырады.

2.3. Ойын барлық деңгейлерде қарсыластарын ұтып шыққан жеңімпаз анықталғанға дейін жалғастырылады.

2.4. Ойын статистикасы Турнирдің әр қатысушысы жинаған нақты ұпайлар берілген рейтинг түрінде қорытынды нәтижені көрсетеді.  Ең көп дұрыс жауап берген қатысушы жеңімпаз аталады.

2.5. Ойын әрқайсысы 3 сұрақтан тұратын 6 раундтан тұрады. Көмек ретінде қатысушыға 50/50 қызметін пайдалануға мүмкіндік беріледі. Қатысушыға бір сұраққа жауап беруге 40 секунд уақыт беріліп, сұраққа жауап беруге үлгермеген жағдайда нәтиже қате деп саналады.

2.6. Қатысушыға әр раундта қолжетімді 9 категориядан кез-келгенін таңдап алу мүмкіндігі беріледі. Ойыншы «жеңілу»  функциясы арқылы ойынды мерзімінен бұрын аяқтауға құқылы, алайда оның көрсеткіші ойыннан жеңіліс тапқан болып саналады. Ойын ережесінде алаяқтықтан қорғану жүйесі қарастырылған.

2.7. Турнир ойыншының таңдауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде өткізіледі.  Қатысушылар таңдаған тілге сәйкес топтарға бөлінеді.

2.8. Турнирға бұрынғы ойын жеңімпаздары қатыса алмайды.

  1. ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ

3.1. Турнирдің басталуы туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының www.fpp.kz және Мемлекеттік тілді дамыту қорының http://kto-umnee.qazaq-found.kz/ru сайттары мен ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады.

3.2. Турнирге қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі —  2018 ж. 21 мамырдан 30 маусымға дейін. Турнирге www.qazaq-found.kz сайтының арнайы байқау парақшасына алдын-ала қатысуға өтінім жіберген республиканың жоғарғы сынып оқушылары (9,10,11 сыныптар) қатыса алады.

3.3. Бірінші тур 2018 ж. 1 шілдеден 31 шілдеге дейін онлайн режимінде өтеді. Бірінші турдың мақсаты келесі турға өтетін ойыншыларды іріктеу, қатысушылардың жалпы ойын шарттарымен танысуы, меңгеруі.

3.4. I тур қорытындысы бойынша ең үздік жалпы нәтиже көрсеткен қатысушылар автоматты түрде ІІ турға өтеді.

3.5. ІІ турға өткен қатысушылар смс пен электронды пошта бойынша хабарландырылады.

    3.6. Екінші тур онлайн режимінде  2018 ж. 1 тамыздан  31 тамызға дейін өтеді. Қатысушылар таңдаған тілге (орысша немесе қазақша) сәйкес топтарға бөлінеді.

3.7. Қорытынды тур 2018 ж. қазанда Астана қаласында өтеді. Финалда ІІ тур жеңімпаздары жүлделі орындарға (1, 2, 3 орындар) таласады. Финалдың қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған жеңімпаздар анықталады.

  1. ТУРНИРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ

4.1. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2018 ж. қазанда Астана қаласының «Назарбаев орталығында» өтеді.

4.2. Финалда ең үздік нәтиже көресеткен қатысушылар бағалы сыйлықтар және арнайы дипломдармен марапатталады.

4.3. Турнирдің қорытындысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының сайттарында  және Қордың ресми сайттарында жарияланады.

 

кто умнее баннер 2018каз