Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
qozhaay

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Мемлекеттік тілді дамыту қоры Мәскеуде инновациялық жобаларын таныстырды

23 Сәуір 2018 | 4:56

IMG_018720 сәуірде Мәскеуде «Қазақ мәдениетінің Мәскеулік қоғамы «МУРАГЕР» Өңірлік қоғамдық ұйымының бастамасымен Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасында «Ресей халықтарының дәстүрлі мәдениетін, патриоттық тәрбиені, дәстүрлі құндылықтарды сақтауға, қоғамдық дипломатия мен орыс халқының көпұлтты, көпконфессиялық бірлігін дамытуға негіз ретінде кешенді көзқарас» атты  дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Ресей Федерациясының Қоғамдық палата мүшелері, РФ Қоғамдық палата сарапшылары, Мемлекеттік Думасының және Федерация Кеңесінің өкілдері, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің,  министрліктер өкілдері, білім беру және мәдениет мекемелерінің басшылары, диаспора өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар, ғалымдар, мұғалімдер, өнер қайраткерлері, этнографтар, фольклорлық топтардың жетекшілері, халық өнер және қолөнер шеберлері, Мәскеу қаласының ұлттық шығармашылық және мәдени бірлестіктерді, Ресей облыстары және шетелдерден (Қазақстан Республикасы) Ресей халықтарының ұлттық салт-дәстүрін зерттеушілер қатысты.

Дөңгелек үстелде Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев қатысушыларға Қордың оқу, мәдени, ғылыми, шығармашылық жобалары, мысалға, қазақ тілін тегін оқытуға арналған «Soyle.kz» онлайн курсын, «Abaialemi.kz» онлайн энциклопедиясын, «Tattialma.kz» балалар әдебиеті сайтын, «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық онлайн ойынын, «Менің Казақстаным», «Ұлы тұлғалар», «Қазақстан мерекелері» мобильді қосымшаларын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында әзірленген «Qazaqstan3D» Қазақстанды таныстырудағы ерекше  мультимедиялық  жолсерігін, қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен салт-дәстүрлерін, мәдени, әдеби, рухани жетістіктерін сақтауға ықпал ететін «Жеті қазына»  мобильді энциклопедиялық- қосымшасын, сонымен қатар смартфондар мен планшеттерға арналған латын әріптерімен қазақша пернетақта «Qazaq Latyn Keyboard» жаңа жобасын таныстырды.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының барлық жобалары ҚР Тұңғыш Президенті -Елбасының қоры және «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жасалғанын атап өту керек.

Осы іс-шара аясында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Мәскеудегі және РФ облыстарындағы қазақ диаспораларының өкілдерімен «Рухани жаңғыру бағдарламасының» негізгі мақсаттарын түсіндіру, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін, мәдениетін, әдеби және рухани жетістіктерін сақтау тақырыбында кездесулер өткізді.

 

 

Баспасөз қызметі

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры

Мемлекеттік тілді дамыту қоры