Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
qozhaay

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Латын әріптерімен қазақша пернетақта «Qazaq Latyn Keyboard» жобасының тұсаукесері

12 Сәуір 2018 | 7:25

БАННЕР1-12 cәуірде Көкшетау және Петропавлда Мемлекеттік тілді дамыту қорының өкілдері студент  жастар, мемлекеттік орган өкілдері, жастар қоғамдық бірлестіктері, өзге ұлт жастары, мұғалімдер, ғалымдар және журналистермен кездесулер өткізілді.

Кездесулер аймақтағы жастарды ғылым және білім саласында қолдау мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры мен Ақмола және СҚО облыстары Әкімдігі арасындағы серіктестік туралы Меморандум аясында өтті.

Кездесуде ұйымдастырушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен қазақ тілінің латын графикасына көшуін түсіндірді.

Іс-шараларда Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев,  Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының басшысы Бауыржан Қарақызұлы, Қордың жоба үйлестірушісі Әсет Оспанов қатысты.            Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев алғы сөзінде қазақ тілінің латын графикасына көшуі  қазақ тілін жаңғыртуға және еліміздің техникалық прогресіне жол ашатынын атап өтті.            Кездесулер барысында смартфон және планшеттерге (Android және iOS платформалары үшін) арналған латын әріптерімен қазақша пернетақта «Qazaq Latyn Keyboard» жаңа жобасының тұсаукесері өтті. «Qazaq Latyn Keyboard» қазақ тілін латын қаріпінде барлық қосымшаларда қалыпты қолдануға мүмкіндік береді. Қолданушылардың ыңғайына және үйренуіне арналып пернетақта жиынтығының транслитерациясы жасалды. Оның көмегімен қазақ сөздерін кириллицада енгізсеңіз бағдарлама автоматты түрде енгізу терезесінде мәтінді латын графикасына аударады. Осындай тәртіппен керісінше жасау арқылы қолданушылар жаңа латын қаріпімен енгізуді үйрене, жаттықтыра алады.

Бұдан бөлек кездесулер қатысушыларына Мемлекеттік тілді дамыту қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасаған басқа да жобалары таныстырылды. Бұлар  қазақ тілін тегін оқытатын «Soyle.kz» онлайн курсы, «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық мобильдік ойыны, «Abaialemi.kz» онлайн энциклопедиясы, «Tattialma.kz» балалар әдебиет сайты, «Qazaqstan3D» веб-сайты және мобильді қосымшасы, «Жеті қазына», «Менің Казахстаным», «Ұлы тұлғалар», «Қазақстанның мерекелері» мобильді қосымшалары.

Кездесулер барысында қатысушылар арасында қазақ әліпбиінің кезеңмен латынға көшуінің басты қырлары жайында ауқымды сұхбат болып өтті. Сонымен қатар қатысушылармен  «Латын әліпбиінде жылдам оқуға» байқау өткізілді. Үздік нәтиже көрсеткендерге естелік сыйлықтар табысталды.            Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев іс-шара соңында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы —  қоғамның қуатты модернизациясы және уақыт өзгерістеріне төтеп беруге мүмкіндік беретін, ұлттық сана-сезімді өзгертетін ұлы реформа екенін айтты.