Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
qozhaay

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Жыл сайынғы Үздік қазақтілді интернет сайт байқауының жеңімпаздары анықталды

23 Қараша 2017 | 12:22

FEDM9484Бүгін Назарбаев орталығында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының сыйлығына Үздік қазақтілді интернет сайт байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау осы жылы үшінші рет өткізіліп отыр. Байқауды ұйымдастырушылар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

Марапаттау рәсіміне ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан АЙТЖАНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек СМАҒҰЛ, «ҚазИнформ» халықаралық агенттігі  бас директорының кеңесшісі Махат САДЫҚ, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат ШАУЕЕВ, сонымен қатар қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың және БАҚ-ның өкілдері қатысты.

         Байқау мақсаты – интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді ресурстарды анықтау мен насихаттау және интернет ресурстардың саны мен сапасын жақсартуға  үлес қосып жүрген отандық қазақтілді сайттарды қолдау.

Байқауға ғаламтор кеңістігіндегі тәжірибесі кемінде бір жылды құрайтын,  қазақ тілінде ақпарат тарататын үкіметтік емес, тәуелсіз қоғамдық сайттар қатысты. Қазылар алқасы сайттарды мазмұны, қызмет бағыты, интерактивтілігі, қазақ тілі мен ұлттық құндылықтардың дәріптелуі, патриоттық тақырыптардың үздіксіз көтерілуі, көркемдік жағы, идея ерекшелігі, тартымдылығы секілді талаптар бойынша саралады.

Байқауға республиканың әр түрлі аймақтарынан 33 өтінім түсті. «Өткір тіл» — аталымы бойынша www.zheruiyq.kz порталы, «Рухани азық»  – аталымы бойынша  www.qamshy.kz порталы,  «Терең ізденіс»  — аталымы бойынша  247media.kz сайты,  «Шынайы өмір»  – аталымы бойынша kerekinfo.kz сайты,  «Спорт тынысы» — аталымы бойынша ulttyqsport.kz және alzhan.kz сайттары, «Білім бұлағы»  — аталымы бойынша kaz-tili.kz және qaztest.kz сайтттары, «Жастар әлемі»  — аталымы бойынша zhasatyrau.kz порталы, «Ойын- сауық» — аталымы бойынша baribar.kz жеңімпаз болып танылды.