Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
qozhaay

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

200-ден астам адам қазақ тілін Skype арқылы тегін үйреніп шықты

12 Шілде 2017 | 8:00

%d0%be%d0%bd%d0%bb%d0%b0%d0%b9%d0%bd-%d0%ba%d1%83%d1%80%d1%81-%d0%ba%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d1%85%d1%81%d0%ba%d0%be%d0%b3%d0%be-%d1%8f%d0%b7%d1%8b%d0%ba%d0%b0-%d0%bd%d0%b0-soyle-kz-google-chrome2016 жылдың қыркүйек айында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Soyle.kz әдістемесі бойынша қазақ тілін Skype арқылы оқыту жобасын бастаған болатын. Бүгінгі таңда Skype арқылы Қазақстан мен шет елдерден (Ресей, Польша, Англия, Қытай) 200-ден астам адам тегін қазақ тілін меңгеріп шықты. Жоба Мемлекеттік тілді дамыту қорының  әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірге ұйымдастырылды.

Жобаның мақсаты — қазақ тілін үйренуді көпшілікке қолжетімді ету, қазақ тілін кеңінен насихаттау, оның қолданыс аясын кеңейту, тілдің қоғамдағы мәртебесін арттыру және шетелдерде тұратын отандастарымыздың туған елі – Қазақстанмен байланысын нығайту.

Skype арқылы оқыту тыңдаушыларды қазақ тілінде емін-еркін сөйлесуге, аз уақыттың ішінде тілді үйреніп, жоғары жетістіктерді көрсетуге мүмкіндік береді.  Курс әр оқушының жеке қазақ тілін білу деңгейіне жеке тәсілдері бойынша бағытталған. Skype арқылы қазақ тілін оқытудың артықшылықтары – уақыттың үнемделуі мен ыңғайлылығы.

Интернет қолданушылардың білдірген көптеген пікірлерері мен тілектерін ескере отырып, қазақ тілін Skype арқылы оқыту жобасын осы жылдың күзінде жалғастыру жоспарланып  отыр.

Анықтама: «Soyle.kz» — Қазақстандағы қазақ тілін онлайн режимінде тегін үйрететін тұңғыш портал. Бүгінгі таңда оның қызметін әлемнің түкпір-түкпірінен 3 млн.-нан астам адам пайдаланса, арнайы тіркеліп тіл үйреніп жатқан адамдардың саны 62  мыңнан асты.