Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
qozhaay

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Батыр бабалардан тағылым!»

2 Мамыр 2017 | 5:53

img_35212017 жылдың 29 сәуірінде Мемлекеттік тілді дамыту қоры және «Алдаспан» батырлар қоры Астана қаласындағы № 51 мектеп-гимназиясында «Батыр бабалардан тағылым!» әдеби кешін өткізді. Іс-шара Мемлекеттік тілді дамыту қорының  әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірге ұйымдастырылғанын атап өтеміз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» — деп атап өткен.

Іс-шараның мақсаты — өз ана тілінде еркін сөйлеп, тәуелсіз елде өмір сүрсін деп армандаған батыр бабалардың рухани мұрасынан тағылым алу, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту.

Әдеби кешке қатысқан гимназия оқушылары «Шешендер», «Әділ билер», «Баhадүр батырлар», «Дарабоз батырлар», «Мұстафа Шоқай» және «Бауыржан Момышұлы» — деп аталатын алты топқа бөлініп, осы батыр бабабаларымыздан  рухани мұра болып қалған шығармаларын жатқа айтып, олардың өмірінен арнайы сахналық қойылымдар көрсетіп, өзара сайысқа түсті.

Сайыстың жеңімпаздары Қордың арнайы дипломдары мен сыйлықтарына ие болды.

 

Өткізілген уақыты: 2017 ж., 29 сәуір күні, сағат 12.00-де.

Өткізілген орны: Астана қ., № 51 мектеп-гимназиясы

Анықтама:

Әлеуметтік серіктес – «Samruk-Kazyna Trust» – Қазақстан Республикасында қайырымдылық, әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыратын, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобы жанындағы әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.