Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласының №77 мектеп-гимназиясына 100 кітап сыйға тартты.
Бұл қазақ тіліне аударылған әлем классиктерінің шығармалары, қазақ тілін үйретуге байланысты оқытушыларға арналған материалдар, мектеп жасындағы балаларға арналған көркем-танымдық әдебиет.
Шараның мақсаты өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілді үйренуге, тарих пен мәдениетті білуге деген қызығушылығын арттыру, оларды қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ әдеби тілін үйренуге баулу және балалардың шығармашылық қабілетін арттыру.
Іс-шара Мемлекеттік тілді дамыту қорының әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірге ұйымдастырылғанын атап өтеміз.
Өткізілген уақыты: 2017 ж., 17 наурыз күні, сағат 13.00-де.
Өткізілген орны: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 22/1, №77 мектеп-гимназиясы
Анықтама:
Әлеуметтік серіктес – «Samruk-Kazyna Trust» – Қазақстан Республикасында қайырымдылық, әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыратын, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобы жанындағы әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.