Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
qozhaay

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Аналарға алғыс» акциясы

7 Наурыз 2017 | 8:05

img_3395Халықаралық әйелдер күні мен Алғыс айту мерекесіне орай Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласының «Қасиетті жол» балаларды оңалту орталығында «Аналарға алғыс» акциясын өткізді.

Жылы шырайлы көктемнің алғашқы күндері барша азаматтың көңілін жадырата келетін 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні аталып өтеді. Бұл күнді тойлауда – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыздың орны бөлек. «Күннің шуағы – жылы, Ананың құшағы – жылы», – дегендей, дүниеде ананың балаға және барша азамзатқа деген
мейірімі мен махаббатынан асқан құдірет жоқ. Аналар-өмірдің гүлі, әр отбасының алтын діңгегі, аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.img_3363

Акция барысында бүлдіршіндер, ата-аналар мен орталық қызметкерлері арасындағы мерекелік іс-шара қызықты да, көңілді өтті. Мемлекеттік тілді дамыту қоры әр анаға арнайы сыйлықтар мен әлемдік және қазақ классиктерінің шығармаларын тарту етті.

img_3397Іс-шара соңында Қор ұжымы аналарды мерекемен құттықтап, ананың әрбір адамның ерекше орны туралы, түн ұйқысын төрт бөліп оянатын Ананың сенімін ақтаудың қажеттілігін атап өтіп, ол үшін балалардың жақсы оқып, үлгілі тәртібімен, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуін тіледі.

Іс-шара Мемлекеттік тілді дамыту қорының  әлеуметтік серіктесі  «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірге ұйымдастырылғанын атап өтеміз.