Ақыл-ой және рухани дамудың, қарым-қатынастың құралы ретінде қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылық танытқан, лингвистикалық қатынаста дарынды оқушыларды қолдау және анықтау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен өзге ұлттың 5-10 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» X республикалық қашықтық олимпиадасын үстіміздегі жылдың 25-26 наурыз аралығында Астана қаласында өткізді.
Олимпиада екі кезеңде өткізілді: Он-лайн режимінде өткізілген олимпиаданың І кезеңіне — 2847 оқушы қатысты. Ең жоғары ұпай жинаған 114 оқушы Астана қаласындағы «Нұр Орда» мектеп-лицейінің базасында олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысуға шақырылды. Қорытынды кезеңге 72 оқушы мен олардың қазақ тілі пәнінің 32 мұғалімдері қатысты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II және III дәрежелі дипломдары мен номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен және Мемлекеттік тілді дамыту қорының сыйлықтарымен марапатталды.
Олимпиаданың жеңімпазы және I дәрежелі диплом иегері Оңтүстік Корея азаматшасы, Алматы қаласының №159 гимназия оқушысы, Пак Щи-ын болып танылды, II дәрежелі дипломының иегері атанған Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданынан өзбек ұлт өкілі Сүлейменова Бахор, III дәрежелі диплом иегері Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласынан неміс ұлт өкілі Шеина Адэлина болып танылды.
Мереке соңында олимпиада қатысушылары қазақтың танымал композиторы Нұрғиса Тілендиевтың «Ата толғау» күйін, Мұқағали Мақатаевтың «Қара сөзін» орындап берді.