Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Еуразиялық Ұлттық университеті студенттерінің арасында жыл сайынғы акциясын өткізді.
Бұл шара студенттерді қазақ тіліне үйренуге баулу, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен таныстыру мақсатында өтіп, Қор университетке қазақ тіліндегі 1000-нан астам кітаптар сыйға тартты.
Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Мемлекеттік тілді дамыту қоры барлық қазақстандақтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, дендеріне саулық, шаңырақтарына шаттық, отбасылырына амандық, ырыс пен ынтымақ тілейді!