Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының «Алтын Тобылғы» әдебиет Жүлдесіне өтініштер қабылдау басталғаны жарияланды

1 Шілде 2015 | 8:18

756Бүгін Астанада Қазақстан Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының «Алтын Тобылғы» («Золотая Таволга») Жүлдесіне өтініштер қабылдау басталғаны белгілі болды. Жүлде қорының жалпы мөлшері 5,5 млн теңге.

Шараға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының атқарушы директоры Сағындық Нұраханов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Александр Тараков, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев және ақын Қалқаман Сарин қатысты.

«Алтын Тобылғы» әдеби шығармалар Жүлдесі — қазақстандық авторлардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру мақсатында әзірленген, жаңа буынның өмірлік философиясын көрсететін жоба.

Ұйымдастырушысы әрі Құрылтайшысы — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры. Жобаға ҚР Жазушылар одағы мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры серіктес болып отыр.
«15 жылдан бері Тұңғыш Президент Қоры Қазақстанның талантты жастары мен жас дарындарға қолдау жасап келеді. «Алтын Тобылғы» жобасы қазақстандық талантты жастардың жолын ашып, әлемдік деңгейге көтереді деп сенеміз. Сондай-ақ біз мұндай іс-шаралар жастардың мемлекеттік тілге құрметі мен оқуға деген мотивациясын және отандық әдебиетке үлкен қызығушылығын оятады деп сенеміз», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының атқарушы директоры Сағындық Нұраханов брифинг барысында.

Жобаға 18 бен 35 жас аралығындағы қазақстандық жас авторлар қатыса алады. Ұсынылатын материалдар бұрын еш жерде жарияланбаған болуы тиіс.

«Алтын Тобылғы» Жүлдесі «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия» және «Үздік балалар әдебиеті» деген 4 номинация бойынша беріледі. Жеңімпаздарға 1 млн. теңгеден сыйақы беріледі. Сонымен қатар «Мәңгілік ел» тақырыбы бойынша жеңімпаз атанған автор 1,5 млн теңге ақшалай сыйлығы бар арнайы жүлдеге ие болады.

Қазылар алқасы құрамына Қазақстан Республикасының белгілі мәдениет қайраткерлері сондай-ақ әдебиет өкілдері мен журналистер еніп отыр.

«Алтын Тобылғы» — берері мол жоба болғалы отыр. Сонымен бұл сыйлық жаңадан бастап жүрген буынға күш беріп қана қоймай, қазірігі әдебиетті заманауи деңгейге дейін көтеруге ықпал етеді. Осы себепті Қордың жобасына қуана-қуана қолдау білдіріп отырмын» , – дейді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин.
Авторлық жобалар жанр, ойлау ерекшелігі, авторлық көзқарас, дәйектілік және шығармашылық қадам секілді ерекше критерийлер бойынша бағаланады.

Өтініштер 2015 жылдың 1 шілдесі мен 1 қарашасы аралығында қабылданады. Жеңімпаздар 2015 жылдың желтоқсанында марапатталады.

Толық ақпаратты www.presidentfoundation.kz сайтынан білуге болады.

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР:

1. Номинаторлардың өтініштері қандай үлгіде болуы тиіс?
Қатысу туралы өтінім «Алтын Тобылғы» әдеби шығармалар Жүлдесіне деген белгімен жолдануы тиіс:
Конверттің ішіне, бөлек-бөлек салынады:

1) Авторы көрсетілмеген (құпиялылық шарттарын сақтау үшін) шығарманың қағазға басылған бір данасы;
2) Ішкі (қосымша) конверттің ішіне бір парақ қағазға автордың аты-жөні, туған күні, мекен-жайы, байланыс телефондары, e-mail жазылылуы тиіс .
Өтініш Астана қаласы, Еңбекшілер көшесі 10, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры мекен-жайы және at2015@fpp.kz. Электронды поштасына жіберіледі.

2. Байқауға жіберілетін әдеби шығарманың көлеміне байланысты шектеу бар ма?
Қолжазба А4 форматында, Times New Roman қарпімен, әріп өлшемі 14, жол аралығы 1,5 үлгісінде болуы тиіс.
Қолжазба көлемі:
Прозалық шығармалар 35 беттен аз емес;
Поэзиялық шығармалар 5 беттен аз емес;
Драмалық шығармалар – 30 беттен көп емес;
Балаларға арналған шығармалар – 25 беттен көп емес;
«Мәңгілік ел» тақырыбы кез-келген жанрда (проза, поэзия, драма, балаларға арналған шығармалар) т.б бола береді

! Жұмыстарды ұйымдастырушыларға жеткізіп беру, салтанатты марапаттау шараларына қатысу шығындары авторлардың өз қалтасынан төленеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры — 2000 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен коммерциялық емес ұйым. Қор әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және басқа да әлеуметтік және саяси жобаларды жүзеге асырады. 2007 жылдан бастап Қор директоры Дариға Назарбаева болып табылады.