Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
qozhaay

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақ тілінің онлайн курсы «Soyle.kz» «Тақырыптық сөздікпен» толықты

20 Қыркүйек 2014 | 9:28

000

Мемлекеттік тілді дамыту қоры Soyle.kz интернет-порталының «Тақырыптық сөздік» атты жаңа бөлімін ашты.

Тақырыптық сөздікте қамтылған 3500-ге жуық сөз бен 700-ден аса күнделікті өмірде жиі қолданылатын тілдесу үлгілері толықтай дыбысталып, тақырыптық принцип бойынша топтастырылып берілген. Жинақталған 50 тақырып күнделікті өмірдің негізгі салалаларын және тілдегі негізгі сөз таптарын (етістік, сын есім, үстеу, көмекші сөздер, есімдік) қамтиды. Сөздікте барлық сөз шағын тақырыптарға бөлінген, бұл есте сақтауда қиындық тудыратын сөздерді кезең-кезеңмен меңгеруге мүмкіндік береді.

Қимыл, іс-әрекет атауларын жылдам жаттап, жадымызда сақтап қалу үшін етістіктер түрлі топтарға бөлінген: кезеңдік, қимыл етістіктері, сезім, ойлау, ұғыну етістіктері, жұмыс операцияларын білдіретін етістіктер және т.б.

Жаңа сөздерді игерту мақсатында түрлі амал-тәсілдер қолданылатын 6 жаттығу ұсынылады. Олар сөздердің қазақша аудармасын, айтылуын, жазылуын есте сақтауға, дұрыс жазып, дұрыс сөйлеуге көмектеседі.

Soyle.kz — ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Samsung Electronics» компаниясының қолдауымен ашылған қазақ тілін онлайн режимінде тегін үйрететін тұңғыш курс, мұнда тілді жан-жақты үйретуге бағытталған озық әдістер мен амал-тәсілдер қолданылады. Ашылғалы 9 айдың ішінде елімізден және шет елдерден 160 мыңнан астам адам сайт жұмысымен танысып, олардың 13 мыңға жуығы қазақ тілін үйреніп жатыр.

Алдағы уақытта да порталымыз тұрақты түрде жаңа сабақтармен, материалдармен толығатын болады. Ал жыл соңында бүлдіршіндерге лайықталған қызықты тапсырмалар мен материалдарға толы «Балаларға арналған қазақ тілі» бөлімі ашылмақ.

Мемлекеттік тілді дамыту қоры 2013 жылы қор қызметіне 26 млн. теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсеткен «Самұрық-Қазына» Акционерлік Қоғамына ризашылық білдіреді.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметі