Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Продолжается конкурс «Национальная премия казахскоязычных интернет-сайтов»

28 Октября 2013 | 9:56

Конкурс на лучший казахскоязычный интернет-сайт, объявленный Фондом развития государственного языка накануне Дня языков народов Казахстана продолжается.

Целью конкурса является развитие казахстанского интернет-пространства, информационных ресурсов и сервисов, повышение информационной культуры общества, привлечение новых сетевых пользователей, содействие популяризации лучших казахскоязычных интернет-ресурсов.

Генеральный спонсор конкурса АО «Самрук-Қазына» учредил премию по 150 000 тенге победителям, которые будут определены по 5 номинациям.

«Қазақтілді сайттардың ұлттық сыйлығы» байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Байқауды ұйымдастырушы: Мемлекеттік тілді дамыту қоры

Байқаудың бас демеушісі: «Самұрық-Қазына» Акционерлік Қоғамы

Байқаудың мақсат-міндеттері:

Қазақстандағы интернет жүйесінің қарқынды дамуына, соның ішінде ақпараттық ресурстар мен сервистерді дамытуға, қоғамның ақпараттық мәдениеттілігін жоғарылатуға, желілік қауымдастыққа жаңа пайдаланушыларды тартуға, қазақтілді үздік ресурстардың Интернет желісіндегі танымалдылығын арттыруға ықпал ету.

Байқауға тәуелсіздік жылдары қалыптасқан құндылықтарымызды үздіксіз насихаттап, мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту мақсатымен қоғам өмірінде белсенділік танытып, өткір де өзекті мақалалар жариялап жүрген интернет сайттар қатыса алады.

Байқаудың міндеті:

- Елімізде қазақ тілінде ақпарат таратып, қоғамдағы өзекті мәселелерді дер кезінде көтеріп, талдап-сараптап, өз оқырманына шынайы ақпарат жеткізуде белсенділік танытып жүрген үздік интернет ресурстарын қолдау;

- Қазақтілді интернет ресурстардың жұртшылықтың, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін, тілі мен мәдениетіне, тарихына деген қызығушылықтарын қалыптастыру мен арттырудағы рөлін айқындау;

- Сайт қолданушыларының ақпараттық-коммуникациялық технологияны (АКТ) белсенді пайдалануға жұмылдыру.

Байқау номинациялары:

«Өткір тіл — мемлекеттік тілді және ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік сайт»;

- «Рухани азық – әдебиет пен мәдениетті насихаттаушы үздік сайт»;

- «Терең ізденіс — қазақ елінің тарихын насихаттаушы үздік сайт»;

- «Шынайы өмір – қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеруші үздік сайт»;

- «Спорт тынысы» — салауатты өмір салты мен спортты насихаттаушы үздік сайт».

Байқау талаптары:

- Ғаламтор кеңістігінде кемінде бір жыл бойы жұмыс істеп, қазақ тілінде ақпарат тарататын және қызмет түрі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген сайт қатыса алады;

- Байқауға үкіметтік емес, тәуелсіз, қоғамдық сайттар қатыса алады;

- Байқауға мемлекеттік органдардың, шетелдік ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының электронды нұсқалары (газет, тв, радио) қатыса алмайды.

Байқау шарттары:

- Сайт ақпараттарының тек қазақ тілінде таратылуы;

- Қазақ тілі мен ұлттық құндылықтардың дәріптелуі;

- Патриоттық тақырыптардың үздіксіз көтерілуі;

- Сайттағы материалдардың жиі жаңартылып отыруы;

- Сайтты қолданушылар санының аз-көптігі;

- Порталда жарияланған материалдардың қоғамда қызу талқыға түсуі;

- Сайт дизайнының портал ұстанымына сай безендірілуі;

- Әлеуметтік желілерге, олардың ішінде Twitter, Facebook, ВКонтакте және т.б. шығу мүмкіндігінің қамтамасыз етілуі есепке алынады және зерделенеді.

Байқауға қатысу үшін төмендегідей материалдар жолданады:

· Сайттың домендік атауы;

· Сайттың бас бетінің скриншоты;

· «Zero рейтингтік компаниясы» ұсынатын сайт қолданушылары туралы бір айлық сандық көрсеткіш;

· Сайттың бас редакторы мен ұжымы жөнінде қысқаша мәлімет;

· Сайттың бағыты мен тарихы туралы қысқаша ақпарат;

· Ұжымның қол жеткізген жетістіктері туралы мәлімет.

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ ШАРТТАРЫ:

Байқау жеңімпаздарын қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, қаламгер-журналистер мен сала мамандарынан жасақталған қазылар алқасы анықтайды.

Байқаудың бас демеушісі «Самұрық-Қазына» Акционерлік Қоғамы 5 номинация бойынша анықталатын жеңімпаздарға 150 000 теңгеден сыйақы тағайындады.

Байқауға ұсынылатын материалдар 2013 жылғы 1 желтоқсанға дейін  мына мекен-жайға жолдануы тиіс: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер Үйі», 5-кіреберіс, 906 бөлме, Мемлекеттік тілді дамыту қорының «Қазақтілді сайттардың ұлттық премиясы» республикалық байқауына.

Байқау материалдарын: info@qazaq-found.kz электронды адресіне жіберуге болады.

Қазылар алқасының сараптауынан өтіп, үздік деп танылған жеңімпаз интернет-сайттар 2013 жылғы желтоқсанда Тәуелсіздік Күні мерекесі қарсаңында анықталады.

Марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді (қосымша хабарланады).


Пресс-служба

Фонда развития государственного языка

Тел.: +7 7172 74-36-90, 74-29-09

info@qazaq-found.kz