Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Астанада жаппай саяси қуғын-сүргіннің 75 — жылдығына арналған үздік зерттеу жұмыстары байқауының қорытындысы шығарылды

18 Мамыр 2012 | 10:09


2012 жылдың 16 мамырында саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен үздік зерттеу жұмыстарына арналған байқаудың қорытындысын шығарды.
Жаппай саяси қуғын-сүргіннің 75 жылдығына арналған бұл конкурс «Сіз бұрынғы КСРО халықтарының қуғын-сүргіні мен жер аударылуы туралы не білесіз?», «Сіздің отбасыңызға қуғын-сүргіннің әсері болды ма?», «Бұл қасірет енді ешқашан қайталанбасын» атты тақырыптар бойынша өткізілген болатын.
Байқауға келіп түскен жұмыстарды Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев, «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы Ерболат Қаменов, «Астана» жалпыұлттық журналының бас редакторы Мақсат Тәжі-Мұрат, «Вечерняя Астана» газетінің тілшісі Зарина Нокрабекова мен «АЛЖИР» мұражайының директоры Болат Жүнісбеков сияқты білікті мүшелері бар қазылар алқасы сарапқа салды.
Конкурсқа барлығы 37 жұмыс келіп түскен. Қатысушылар өздерінің жұмыстарында тарихтың «ақтаңдақ» болған беттеріне шолу жасап, саяси қуғын-сүргіннің мағынасына ғылыми тұрғыдан талдау жасаған. Әрбір жұмысқа талдау жасағанда тақырыптың мейлінше игерілуі, қосымша материалдардың пайдалануы, құжаттарға, дерек көздеріне талдау жасалуы, ойды түйіндеу мен өзіндік пікірдің болуы қатты қадағаланды.
«Бұл қасірет енді ешқашан қайталанбасын» тақырыбы бойынша бірінші орын Ақмол кентінің № 5 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Санжар Шаймерденовке берілді. Екінші орын Алматы қаласындағы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің студенті Денис Поленовке бұйырды. Үшінші орын Ақмол кентіндегі № 5 орта мектептің 9 сыныбының оқушысы Әсия Қоңырбековаға тиді.
«Сіздің отбасыңызға қуғын-сүргіннің әсері болды ма?» тақырыбы бойынша номинацияда бірінші орын Түркістан қаласындағы А. Иссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті Ербол Жолымовқа берілді. Екінші орын Ақмол кентіндегі № 5 орта мектептің 9 сынып оқушысы Никита Чмилге берілді. Үшінші орын Түркістан қаласындағы А.Иссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті Айдана Салықбаеваға берілді.
«Сіз КСРО халықтарының қуғын-сүргіні мен жер аударылуы туралы не білесіз?» деген тақырыпта бірінші орын Ақмол кентіндегі № 5 орта мектептің 9 сынып оқушысы Ксения Денисенкоға берілді. Екінші орын Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университетінің студенті Ғалия Ахметоваға бұйырды. Үшінші орын Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Мират Оспановқа бұйырды.
Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев өз сөзінде мұндай байқаулар Қазақстандағы жастардың бойына патриотизм мен отансүйгіштікті қалыптастырып, жастардың ғылыми-зерттеуге деген ынтасын арттыратындығын, өзіндік ой-пікір қалыптастыра білетіндігін атап көрсетті.
Конкурстың жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен грамоталар табыс етіледі, әрі үздік жұмыстар «АЛЖИР» мұражайының веб-сайтына орналастырылады.. Сондай-ақ, жақсы материалдар жинаққа шығарылып, бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.
Алқа мүшелерінің назарынан конкурсқа түскен басқа да материалдар қалыс қалмады, олардың еңбектері жинаққа енгізіліп, қатысқандығы үшін ынталандыру сыйлығымен атап өтіледі.