Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы

5 Қаңтар 2012 | 6:29

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Мемлекеттік тілді дамыту» қорының қолдауымен 2012 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Астана қаласында қазақ тілінен өзге ұлт оқушылары арасында «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» VI республикалық қашықтық олимпиадасын өткізді (бұдан әрі — Олимпиада).
Олимпиаданы өткізудің басты идеясы — Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, мемлекеттік тілді қолданудың басты бағыттарын анықтау, кең көлемде қолдануды жариялау және өзге ұлт оқушыларының арасында оқып-үйрену сапасын арттыру.
Олимпиада екі кезеңде өткізілді: бірінші – қашықтық, екінші – қорытынды. Олимпиаданың I кезеңі on-line түрінде өткізілді. Оған республикадағы жалпы білім беретін мектептерден 5-10 сыныптардың өзге ұлт оқушылары қатысты.
I кезеңде ең жоғары ұпай жинаған оқушылар 2012 жылы 5-7 қаңтар күндері Астана қаласында өтетін Олимпиаданың қорытынды – II кезеңіне қатысуға шақырылды.
Олимпиада шеңберінде оған қатысушылар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайына, «Бәйтерек» монументіне, «Хан шатыр» кешеніне экскурсия жасады.
Олимпиаданы өткізу Ережесіне сәйкес жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдар мен номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен марапатталады. Олар:
I орын Абдурахманов Элдуз — 7 сынып (105) Оңтүстік Қазақстан
Станкина Анна — 9 сынып (109) Шығыс Қазақстан
Швейкин Константин — 10 сынып (107) Астана
II орын Маркова Анастасия — 9 сынып (94) Қостанай
Бабажанов Рустам — 7 (сынып) (90) Оңтүстік Қазақстан
III орын Дельмухаметова Земфира 7 сынып (80) Оңтүстік Қазақстан
Лер Евгения — 10 сынып (77) Қостанай
Варавкина Екатерина — 9 сынып (75) Астана

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты 7 қантар күні сағат 10.00-де Астана қаласының дарынды балаларға арналған Қазақ-түрік ер балалар лицей-интернатының Конференц-залында өтті.