Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Алматыда «balbulaq.kz», «economika-qun.kz» және «kazmunai.kz» атты мемлекеттік тілде шығатын үш web-сайттың ашылу рәсімі өтті

7 Қыркүйек 2011 | 9:02


Алматыда «Мемлекеттік тілді дамыту» қоры «ҚазМұнайГаз» ҰК» Акционерлік қоғамының қолдауымен әзірленген балаларға арналған balbulaq.kz танымдық порталының, экономикалық тақырыптағы «economika-qun.kz» және мұнай, газ тақырыбына арналған kazmunai.kz деп аталатын үш интернет-сайттың ашылу рәсімін өткізді.

Жиналған қауымға жаңа сайттарды «Мемлекеттік тілді дамыту» қорының директоры Азат Шәуеев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Баспасөз хатшысы Ғалым Тұмабаев, «ҚҰН+К» ЖШС редакторы Берік Әшімов, «Абай-ақпарат» қазақ Интернет кеңістігін дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті Дәурен Қуат, «Назар» Қазақ журналистерінің Қоғамдық қорының PR-менеджері Жандос Смайылов таныстырды.
Мемлекеттік тілдің электрондық-ақпараттық кеңістікте дамуын қамтамасыз ету мақсатында отандық сайттарға қолдау көрсету Қордың басты басымдықтарының бірі болып табылады. Мысалы, 2009-2010 жылдары қазақтілді интернет кеңістігінде жоғары қолданыс көрсеткішіне ие болған 6 түрлі бағыттағы жаңа интернет-сайттар Қордың қолдауымен ашылған болатын.

Бүгінгі ашылып отырған үш web-сайт Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес және Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай жоспарланған іс-шаралар аясында жүзеге асып отыр.

«balbulaq.kz» сайтында бастауыш класс оқушыларына арналған оқу-әдістемелік құралдар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, мультфильмдер мен басқа да түрлі бағыттағы ақпараттық-танымдық материалдар топтастырылған. Портал 6-10 жас аралығындағы балаларға арналған.

«economika-qun.kz» сайтынан еліміздің экономикасының бүгінгі тыныс-тірішілігін, қаржы және экономика салалары бойынша ақпараттық-сараптамалық материалдарын, сарапшылардың ой-пікірлерін, экономикалық терминдер сөздіктері мен валюта көрсеткіштерін, осы саладағы нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тілде көруге болады.

«Kazmunai.kz» өз қолданушыларын мұнай және газ өндірісі саласының жаңалықтарымен, осы саланың даму тарихы және ғылыми-зерттеу жұмыстарының материалдарымен қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар отандық және халықаралық мұнай және газ өндірісі салалары нарығындағы өзгерістермен ақпараттандырып отырады.