Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Мемлекеттік тіл –менің тілім!»

23 Қыркүйек 2016 | 11:30

Қазақсimg_2897тан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласының «Қа сиетті жол» балаларды оңалту орталығында «Мемлекеттік тіл –менің тілім!» акциясын өткізді.

Тіл – халықтың басты қасиетті байлығы болса, байлығымызды келешек ұрпаққа қалдыру, оның қасиетін білу мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті 1998 жылғы 22 қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жариялаған болатын. Жыл сайын бұл мерекені барша қазақстандықтар тойлап келеді.
img_2943
Шараның мақсаты балалардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Бүлдіршіндер, ата-аналар мен орталық қызметкерлері арасындағы мерекелік іс-шара қызықты да, көңілді өтті: балалар қазақ тілінде өлеңдер оқып, ата-аналар өзге ұлттардың халық билерін орындап берді.

Іс-шара соimg_2940ңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры балаларға қазақ тілінде интерактивті ертегі кітаптарды сыйға тартты