Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«ЖАС ҰЛАНМЕН» ЖҮЗДЕСУ

4 Мамыр 2015 | 4:32

00000Астанада Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесу болып өтті.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған «Ерлік – елге мұра!» атты бұл патриоттық шараны Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырды.

Біздің қызметіміздің арналы бір саласы жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу болып табылады, — деді шараны ашар сөзінде қордың директоры Азат Шәуеев. – Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнап, жастар арасында ел мен жерді сүюдің, тағдырлас отандастармен өзара тату-тәтті өмір сүріп, республикамыздың гүлденуіне атсалысудың перзенттік парыз екені туралы жан-жақты әңгімелер өткізудеміз. Бүгінгі кездесу соның бір мысалы ғана.

Кездесу барысында Кеңестер Одағының Батыры, бірінші Халық Қаһарманы, тәуелсіз еліміздің тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы туралы «отАсу» роман-дилогиясының авторы, жазушы-журналист Болат Жүнісбеков болашақ генералдарға халқымыздың біртуар қайраткері туралы кең әңгімеледі. Жастарға қаршадай қазақ баласының майдандағы ерлігі мен бейбіт кезеңдегі қажырлы қызметі жөнінде нақты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар тұңғыш министрдің Елбасы – Жоғарғы Бас қолбасшы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен төл Қарулы күштерімізді нығайту жолындағы ерен еңбегі жастарға үлгі етілді.

«Жас ұлан» мектебінің ұжымы атынан директордың орынбасары Амантай Жарбосынов болашақ Отан қорғаушылар даярлаудағы қызметтері туралы ой бөлісіп, шараны ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.

Мемлекеттік тілді дамыту қоры мектептің кітапханасына әр түрлі тақырыптағы қазақша жүзден аса кітап пен Сағадат Нұрмағамбетов туралы «отАсу» романының жиырма данасын сыйға тартты.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының Баспасөз қызметі