Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Филиппин қызы қазақ тілін үйреніп жүр

5 Наурыз 2015 | 10:54

20150130_105056Филиппиннен келген бір аза¬матшаның Таразда қазақ ті¬лін үйреніп, арнайы курста оқып жатқаны туралы әңгімені алғаш бір жиын үстінде естідім. Жамбыл об¬лыстық тілдерді дамыту басқар¬масының басшысы, қашанда қазақ тілінің шын жанашыры болып жүрген Үртай Сапаққызы осынау жайтты асқан қуанышпен айтты. Шынында, шетел азаматшасының қазақ тіліне қызығушылық танытып, уақыт бөліп, үйренуге талпынғаны бізді де қуантты. Грейс Педригал – Филиппин азаматшасы. Дәл қазір мемлекеттік тілді оқыту орталығында қазақ тілі курсының бастауыш деңгей тобында оқиды. Сабақ күніне 2 сағаттан, аптаның бес күнінде жүргізіледі екен. Біз Грейспен мұғалімдері ар¬қылы тілдестік. Мемлекеттік тілді ен¬ді үйреніп жүргендіктен, қара қыз қа¬зақша амандасқанымен, кей сөз-дерді ғана қазақша айтып отырды. – Мен Филиппиннің астанасы Манила қаласындағы университетте оқимын, – деді бізбен әңгімесінде Грейс Педригал. – Менеджмент және туризм мамандығы бойынша білім алып жүрмін. Оқу орны басшылығы тәжірибе алмасу мақсатында студенттерді шетелдерге жібере бастағанда, Қазақстанды өзім таңдап алдым. Мені осы елдің адамдары, тарихы, тұрмысы, қазіргі тіршілігі, мәдениеті қызықтырды.

Мишель деген құрбым екеуміз алдымен Қарағанды қаласына келдік. Осы жерде кез келген ұлттың тарихын, тұрмысын терең білу үшін ең алдымен оның тілін үйрену керек екенін ұқтым. Сөйтіп, Қарағандыда курсқа аптасына үш мәрте барып жүрдім. Бірақ кейінірек қазағы мол Таразға баруды дұрыс көрдім. Міне, бір айдан енді асты, осынау тарихи қалаға да бауыр басып, курстан қалмай, қазақша үйреніп жүрмін. «Тараз қаласы қалай қарсы алды, көне шаһар ұнады ма? Жалпы, қазақ тілін үйрену қиынға соғып жүрген жоқ па?» деген сұрағыма ол былай деді: – Қала бірден ұнады. Тал-терегі, ағашы көп екен. Адамдары да қонақжай, бауырмал. Сосын бұл қаланың ауа райы ұнады. Қазақ тілін үйрену алғашында қиынға соқты. Грамматикасын, методикасын үйрену тым ауыр болды. Бірақ қазір бәрін түсініп келемін. Алғаш рет «Сәлеметсіз бе? Менің атым – Грейс. Мен Таразда тұрамын. Тараз – әдемі қала. Рахмет» деген сөздерді үйрендім. Мұғалімдерге рахмет. Қазақ тілін үйрену үшін барлық жағдай жасап отыр. Университет бұл жаққа мені бір жылға жіберген. Әйтсе де, басшылыққа тәжірибе алмасу уақытын тағы да бір жылға ұзартуды өтінетін шығармын. Өйткені, Тараз қаласы да, адамдары да маған қатты ұнайды. Әрине, шетел адамының қазақ тілін үйреніп жатқаны мемлекеттік тілдің мәртебесі өскендігінің бір көрінісі. Шетел азаматшасына тіл үйретуде тек қазақ тілі мұ¬ға¬лімдері ғана емес, сонымен қатар, орталықтың ағылшын тілі мұға¬лімдері де өз септігін тигізуде екен. «Мемлекеттік тіл саясаты ая¬сында атқарылып жатқан іс-ша¬раларымыздың барлығы да бо¬лашақта еліміздің өркениетті елдер санатына қосылуына, мем¬ле¬кетіміз бен ұлтымыздың мәртебесін танытатын, әлемдегі бай тілдердің бірі болып саналатын қазақ тілінің одан әрі өркендеуі мен дамуына, Қазақстанды мекендейтін барлық халықтың татулығы мен бірлігі, ана тілінің дамуына бағытталып отыр», дейді мемлекеттік тілді оқыту ор¬та¬лығының директоры Күлшат Қожатаева. Жалпы алғанда, Жамбыл облысы бойынша бүгінде 1478 адам мемлекеттік тілді үйреніп, оқып жатыр екен. Оның ішінде 27 ұлт өкілі бар болса, тіл үйренушілердің 43,6 пайызын орыс ұлтының өкілдері құрайтын көрінеді. 20,6 пайыз – дүнгендер, одан кейінгі орындарда өзбек, күрд, татар, корей және басқа ұлт өкілдері тұр.

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы.

http://egemen.kz/2015/03/05/51726