Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
qozhaay

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Жоғарғы сыныптар арасында республикалық «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық мобильді ойынының қорытынды финалы өтеді

5 Қазан 2018 | 11:43

0510

Үстіміздегі жылдың 30 қазанында «Назарбаев орталығында» ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры жариялаған, жоғарғы сыныптар арасында  республикалық «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық мобильді ойынының қорытынды финалы және марапаттау рәсімі өтеді.

Іс-шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы жастарды қолдау мәселесі  мен қатысушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға және оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру мақсатын жүзеге асыру аясында өтеді.

2018 жылдың 1 шілдесінен 30 тамызына дейін онлайн режимінде екі кезеңі өтті. Бірінші турға еліміздің барлық өңірлерінен тіркелген 6500-ден астам оқушылар қатысты. Қорытынды финал Астана қаласында өтеді, және сол жерде   ең ақылды оқушылардың есімдері белгілі болады. Жеңімпаздар ұйымдастырушылар атынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады.

Қорытынды турдың өтетін жері: Астана қ. Бөкейхан көшесі, 1 «Назарбаев орталығы»

 

Анықтама телефоны: 27-26-09