Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жыл сайынғы «Үздік қазақтілді интернет-сайт сыйлығы» байқауы туралы баспасөз-хабарламасы

10 Қыркүйек 2018 | 4:36

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры үздік қазақтілді интернет-сайт байқауына өтінімдер қабылдау басталғанын жариялады. Байқау өткізудегі серіктес – Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

            Байқау мақсаты – интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді  ресурстарды анықтау мен насихаттауға, олардың саны мен сапасын арттыруға, ақпарат кеңістігінде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге және үздіктердің танымалдылығын көтеруге ықпал ету.

Байқау үшінші рет өткізіліп отыр. Өткен екі жылда  17 отандық қазақтілді сайттар байқау лауреаттары атанып, ақшалай сыйлыққа ие болды.

Сыйлық мынадай номинациялар бойынша тағайындалады:

«Өткір тіл» — қазақ тілін және ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік сайт;

«Рухани азық» – қазақ әдебиеті мен мәдениеті туралы материалдарды шығаратын үздік сайт;

       «Терең ізденіс» — қазақ елінің тарихын насихаттаушы үздік сайт;

«Шынайы өмір» – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын үздік сайт;

«Спорт тынысы» — салауатты өмір салты мен спортты насихаттаушы үздік сайт;

«Білім бұлағы» — білім беретін үздік сайт;

«Жастар әлемі» — жастар тақырыбына арналған  үздік сайт;

«Аймақ айнасы» — үздік аймақтық сайт;

«Балаларға базарлық» — балаларға арналған үздік сайт;

«Ойын- сауық» —  үздік ойын-сауық сайты.

Әрбір  номинация бойынша жеңімпазға 385 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық тапсырылады. Байқау қорытындысы осы  жылғы қараша айының соңында  шығады.

Байқау жеңімпаздарын белгілі қоғам қайраткерлері, қаламгер-журналистер мен байқау құрылтайшыларынан жасақталған қазылар алқасы анықтайды.

Қазылар алқасы сайттарды мазмұны, қызмет бағыты, интерактивтілігі, көркемдік жағы, идея ерекшелігі, тартымдылығы секілді талаптар бойынша саралап, жеңімпаздарды анықтайды.

Байқауға үкіметтік емес, тәуелсіз қоғамдық сайттар, ғаламтор кеңістігіндегі тәжірибесі кемінде бір жылды құрайтын,  қазақ тілінде ақпарат тарататын және қызмет түрі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген сайт қатыса алады. Байқауға мемлекеттік органдардың, шетелдік ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының электронды нұсқалары (газет, тв, радио) қатыса алмайды.

Байқау ережесімен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының www.fpp.kz және Мемлекеттік тілді дамыту қорының www.qazaq-found.kz сайттарынан танысуға болады.

Байқауға өтінімдер Мемлекеттік тілді дамыту қорының info@qazaq-found.kz  электронды мекенжайына 2018 жылдың 10 қыркүйегінен 10 қарашасына дейін жіберілуі тиіс.

Баннер посл

 

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Үздік қазақтілді интернет-сайт сыйлығы» байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер

Осы Ереже Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры тағайындаған үздік қазақтілді интернет-сайт сыйлығын беру тәртібін белгілейді (бұдан әрі «Сыйлық»).

Байқаудың мақсаты — интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді  ресурстарды анықтау мен насихаттауға, ақпараттық ресурстар мен сервистердің саны мен сапасын арттыруға, желі қолданушыларының қызығушылығын ұлғайтуға, ақпарат кеңістігінде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге және үздіктердің танымалдылығын көтеруге ықпал ету.

Сыйлық құрылтайшысы — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры (бұдан әрі Сыйлық құрылтайшысы немесе Тұңғыш Президент Қоры).

Байқау өткізудегі серіктес – Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

Байқаудың міндеті:

— Елімізде қазақ тілінде ақпарат таратып, қоғамдағы өзекті мәселелерді дер кезінде көтеріп, талдап-сараптап, өз оқырманына шынайы ақпарат жеткізуде белсенділік танытып жүрген үздік интернет ресурстарын қолдау;

— Қазақтілді интернет ресурстардың жұртшылықтың, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін, тілі мен мәдениетіне, тарихына деген қызығушылықтарын қалыптастыру мен арттырудағы рөлін айқындау;

— Интернет қолданушыларын ақпараттық-коммуникациялық технологияны белсенді пайдалануға жұмылдыру.

Сыйлық мынадай номинациялар бойынша тағайындалады:

1) «Өткір тіл» — қазақ тілін және ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік сайт;

2) «Рухани азық» – қазақ әдебиеті мен мәдениетін насихаттаушы үздік сайт;

3) «Терең ізденіс» — қазақ елінің тарихын насихаттаушы үздік сайт;

4) «Шынайы өмір» – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын үздік сайт;

5) «Спорт тынысы» — салауатты өмір салты мен спортты насихаттаушы үздік сайт.

6) «Білім бұлағы» - білім беретін үздік сайт;

7) «Жастар әлемі» — жастар тақырыбына арналған  үздік сайт.

8) «Аймақ айнасы» — үздік аймақтық сайт;

9) «Балаларға базарлық» — үздік балаларға арналған сайт;

10) «Ойын сауық» — үздік ойын-сауық сайты.

Әрбір  номинация бойынша жеңімпазға 385 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық тапсырылады.

Байқауға қатысушылар:

— Байқауға үкіметтік емес, тәуелсіз қоғамдық сайттар, ғаламтор кеңістігіндегі тәжірибесі кемінде бір жылды құрайтын,  қазақ тілінде ақпарат тарататын және қызмет түрі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген сайт қатыса алады. Байқауға мемлекеттік органдардың, шетелдік ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының электронды нұсқалары (газет, тв, радио) қатыса алмайды.

Байқау талаптары:

- Сайт ақпараттарының тек қазақ тілінде таратылуы;

— Қазақ тілі мен ұлттық құндылықтардың дәріптелуі;

— Патриоттық тақырыптардың үздіксіз көтерілуі;

— Сайттағы материалдардың жиі жаңартылып отыруы;

— Сайтты қолданушылар саны;

— Жарияланған материалдардың қоғамда қызу талқыға түсуі;

— Сайт дизайнының портал ұстанымына сай безендірілуі;

— Әлеуметтік желілерге шығу мүмкіндігінің қамтамасыз етілуі есепке алынады және зерделенеді.

Байқауға қатысу үшін мынадай материалдар жолданады:

— сайттың домендік атауы;

— сайттың бас бетінің скриншоты;

— «Zero» рейтингтік компаниясы ұсынған сайт қолданушылары туралы бір айлық сандық көрсеткіш;

— сайттың бас редакторы мен ұжымы жөнінде қысқаша мәлімет;

— сайттың бағыты мен тарихы туралы қысқаша ақпарат;

— ұжымның қол жеткізген жетістіктері туралы мәлімет;

— патриоттық тақырыптарды белсенді насихаттау;

— сайт дизайнының безендіру сәйкестігі.

Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

  1. Байқау жеңімпаздарын белгілі қоғам қайраткерлері, қаламгер-журналистер мен байқау құрылтайшыларынан жасақталған қазылар алқасы анықтайды.
  2. Қазылар Төрағасы мен құрамын Сыйлық Құрылтайшысы бекітеді.
  3. Байқауға өтінімдер тапсыру мерзімі — 2018 жылдың 10 қыркүйегінен 10 қарашасына дейін.
  4. Байқауға өтінімдер Мемлекеттік тілді дамыту қорының info@qazaq-found.kz электрондың мекенжайына жіберілуі тиіс.
  5. Өтінім жіберу және марапаттау рәсіміне қатысуға кететін  шығындарды байқауға қатысушылар өздері көтереді.
  6. Марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.