Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
qozhaay

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «АЛТЫН ТОБЫЛҒЫ» ӘДЕБИЕТ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

7 Маусым 2018 | 11:22

Altyn tobylgy_2018_A4_kaz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры дәстүрлі «Алтын Тобылғы» әдебиет байқауына өтінімдер қабылдау басталғаны туралы жариялады. Сыйақының жалпы қоры – 5,5 миллион теңге.

Байқау серіктестері – Қазақстан Жазушылар одағы  және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

Іс-шараға ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры Атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев және «Алтын тобылғы»-2016 сыйлығының лауреаты Татьяна Кретова қатысты.

«Алтын тобылғы» байқауы жыл сайын ұлттық әдебиетте жаңа есімдерді қалыптастыру және жас қаламгерлердің өмірлік философиясын көрсететін қазіргі заманғы әдебиетке қоғамның қызығушылығын арттыру болып табылады. Бұл бірегей байқау Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласын жүзеге асыруға бағытталған. Өзінің бағдарламалық мақаласында Нұрсұлтан Назарбаев дарынды және табысты жастарға назар аудару жайлы айтқан. «Алтын тобылғы» байқауы жас жазушылардың шығармашылығына қолдау көрсету сияқты  мақсаттарды алға қойып отыр.

Байқау құрылтайшысы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жыл сайын 1,5 миллион көлемінде арнайы номинация тағайындайды.  Мәселен, 2015 жылы «Мәңгілік Ел» аталымындағы шығарма авторы, 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» аталымы бойынша жеңімпаз және былтыр «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындағы «Туған ел»  тақырыптық аталымдары марапатталды. Биыл байқау төртінші рет өтуде және Астананың 20 жылдығына арналады.

«Алтын Тобылғы» байқауы еліміздің барлық өңірлерінен 17 жаңа жас ақын-жазушылардың атын шығарды, олар өз шығармалары үшін ақшалай сыйлыққа ие болды және шығармаларын жарыққа шығаруға мүмкіндік алды. Үздік деп танылғандар ішінде: Өскеменнен Арай Ертаргынова, Алматыдан Кретова Татьяна, Алматы облысынан Мақпал Мыса, Астанадан Әлмаш Айсулу, Талдықорғаннан Есболат Айдабосын , Семейден  Қарт Мерей, Шахтинскіден Алексей Варзаевтар бар. Былтыр лауреаттардың шығармалары арнайы басылыммен кітап болып шықты. Іс-шараның соңынды барлық журналистерге кітаптар таратылды.

«Байқаудың басты мақсаты  қазіргі қазақстандық жас ақын-жазушыларға қолдау көрсету және ынталандыру. Оларға өз есімдерін шығарып және халыққа көркем шығармаларын таныстыруға үлкен мүмкіндік беру», — деді Сұлтан Айтжанов.

Байқауға еліміздің 18-35 жас аралығындағы жас дарындар қатыса алады және бұдан бұрын еш жерде жарияланбаған туындылар ғана қабылданады.

«Алтын Тобылғы» сыйлығы «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік балаларға арналған шығарма» сияқты төрт номинация бойынша тағайындалған. Әрбір номинацияның жеңімпазына 1 миллион теңге сыйақы беріледі. Сонымен қатар, биылғы жылы «Астананың 20 жылдығына арналған үздік шығарма» атты арнайы тақырыптық номинация жарияланды. Бұл номинация бойынша сыйақы 1,5 миллион теңге көлемінде белгіленді.

Шығармаларды еліміздің танымал мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушылар мен журналистерінен құралған Қазылар алқасы сараптайтын болады.

Байқауға ұсынылған жұмыстар жанрға сәйкестік, ойлау дербестігі, авторлық ұстаным, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем құндылығы, көркемдік қиял мен шығармашылық көзқарас, эстетикалық әсер тереңдігі сияқты өлшемдер бойынша бағаланады. Байқауға ұсынылған туындыларды бағалау әділдігі барынша жетілдірілген. Шығарма лақап атпен қабылданып, сараптау кезінде қазылыр алқасы шығармалар авторларының есімдерін білмейтін болады.

Өтінімдер 2018 жылғы 1 шілде мен 1 қараша аралығында қабылданады. Жеңімпаздар есімі (сыйлық лауреаттары) 2018 ж. желтоқсан айында жарияланады. Толық ақпаратпен  www.fpp.kz  сайтынан танысуға болады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры — 2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылған коммерциялық емес ұйым.  Қор әлеуметтік,  қайырымдылық, мәдени, білім беру және  басқа да қоғамға пайдалы жобаларды іске асырып келеді.

 

Жыл сайынғы «Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесіне конкурс өткізу  

Ережесі

  1. Жалпы ережелер
  2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры тағайындаған «Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесін (бұдан әрі — Жүлде) беру тәртібін белгілейді.
  3. Жүлденің мақсаты — қазіргі заманғы Қазақстанның көркем әдебиетін дамыту, қолдау көрсету және насихаттау.
  4. Жүлденің міндеттері:
  • жаңа ұрпақтың қазіргі заманғы көркем әдебиеттегі өмірлік философиялық қағидаттарын бейнелейтін жас қазақстандық қаламгерлерді анықтау және көтермелеу;
  • тың әдеби үрдістердің қалыптасуына қолдау көрсету;
  • қазіргі заманғы әдебиеттегі жаңа есімдерді көпшілік қауымға таныстыру.
  1. Жүлденің құрылтайшысы мен ұйымдастырушысы — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры (бұдан әрі — Жүлде құрылтайшысы немесе Н.Назарбаев Қоры).

Жүлдені тағайындау бойынша конкурс өткізудің серіктестері: Қазақстан Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

  1. Жүлде конкурс негізінде төмендегі номинациялар бойынша тағайындалады:

1) «Жылдың үздік прозасы»;

2) «Жылдың үздік поэзиясы»;

3) «Жылдың үздік драматургиясы»;

4) «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;

5) «Астананың 20 жылдығы» тақырыбына  арналған үздік әдеби туынды.

  1. Әрбір номинация жеңімпазына «Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесінің лауреаты атағы және 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі. 1,5 миллион теңге көлеміндегі арнайы сыйақы «Астананың 20 жылдығы» тақырыбына арналған үздік әдеби туынды номинациясы жеңімпазына беріледі.

 

  1. Өткізу тәртібі

Конкурс басталғаны туралы хабарландыру Н.Назарбаев Қорының сайтында www.fpp.kz және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Шығармалар 2018 жылғы 1 шілдеден 1 қарашаға дейінгі аралықта қабылданады.

Конкурстың қорытындысы 2018 жылғы желтоқсанның  бірінші онкүндігінде жарияланады.

 

  1. Жүлдеге әдеби туындыларды ұсыну тәртібі
  2. Конкурсқа 18-35 жас аралығындағы жас қаламгерлердің қазақ және орыс тіліндегі шығармалары қабылданады.
  3. Бір автор тек екі номинацияға қатысуға құқылы.
  4. Авторлық жұмыстарға қойылатын талаптар:
  • Конкурсқа бір автордың бұрын еш жерде жарияланбаған екі шығармасы ғана қабылданады;
  • конкурсқа бейнормалық қолданыстағы сөздер кездесетін, этикалық нормалар мен авторлық құқықтары бұзылған шығармалар қабылданбайды;
  • шығарма А-4 форматында, мәтіні 14 көлеміндегі Times New Rоman қарпімен 1,5 аралықта терілуі керек. Мәтіннің көлеміне қойылатын шектеу:
  • проза үшін — 35 беттен кем емес;
  • поэзия үшін — 5 беттен кем емес;
  • драмалық шығарма үшін — 30 беттен көп емес;
  • балалар әдебиеті үшін — 25 беттен көп емес;
  • «Астананың 20 жылдығы» тақырыбына арналған түрлі жанрдағы әдеби шығарма (проза — 35 беттен кем емес; поэма — 5 беттен кем емес; драма — 30 беттен көп емес; балалар шығармасы — 25 беттен кем емес;).
  • Конкурсқа жіберілетін өтінім «Алтын тобылғы» деген белгі қойылып бір конвертпен мынадай тәртіппен жіберілуі керек:

Конвертке бөлек салынатындар 1) автордың аты-жөні көрсетілмей бір данада басып шығарылған шығарма, 2) автордың өзі туралы мәліметтер осы конверттің ішінде жеке конвертте болуы тиіс:  аты, тегі, әкесінің аты, туған жылы, тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефондары, e-mail.

  1. Өтінімдер поштамен Астана қаласы,А.Бөкейхан көшесі, 1 үй, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры мекенжайына және at2018@fpp.kz электрондық пошта бойынша жіберілуі тиіс.
  2. Конкурсқа қатысуға өтінім бере отырып, автор:
  • өзінің авторлығын растайды;
  • Жүлденің ұйымдастырушыларына шығармаларды бұқаралық ақпарат құралдарында, Ұйымдастырушының ұйғарымы бойынша жинақтарда және ғаламторда жариялауға рұқсат береді;
  • авторлық гонорарды талап етпейді.
  1. Қабылданған шығармалар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
  2. Жұмыстарды Конкурсқа жіберуге және салтанатты марапаттау рәсіміне қатысуға байланысты шығындарды қатысушылар өздері өтейді.

 

  1. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

1. Қолжазбаларды бағалау және Жүлде жеңімпаздарын (лауреаттарды) анықтауды Конкурстың Құрылтайшысы елімізге танымал ақын-жазушылардан, баспа өкілдерінен, сондай-ақ байқау құрылтайшылары мен серіктестері өкілдерінен жасақтаған (7 адамнан кем емес) Қазылар алқасы жүзеге асырады.

2. Қазылар алқасының құрамы мен Төрағасын Конкурстың Құрылтайшысы бекітеді.

3. Қазылар алқасының Жүлденің талаптарына сәйкес келмейтін шығармаларды қарамауға (сонымен қатар анонимді шығармаларды) құқы бар.

4. Конкурсқа ұсынылған шығармалар қазылар алқасы мүшелеріне анонимді түрде жіберіледі (автордың есімі аталмайды).

5. Қорытынды шешім қазылар алқасының жалпы санынан кемінде 2/3 кворумы болған жағдайда ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

6. Конкурсқа ұсынылған туындыларды әділ бағалау үшін барлық жұмыстар анонимді түрде қаралады. Конкурсқа ұсынылған жұмыстарды бағалау кезінде шығарманың өзектілігі мен автордың ойлау дербестігі, ұстанымы, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем құндылығы, эстетикалық әсер тереңдігі басшылыққа алынады.

7. Қорытынды шешім қабылданғанға дейін анонимділік сақталады.

8. Қазылар алқасының шешімі ақырғы болып табылады және қайта қаралмайды.

9.Конкурсқа лайықты шығармалар түспеген жағдайда, Қазылар алқасы Ұйымдастырушыларға сол номинация бойынша жүлдені толығымен бермеуге немесе жартылай беру туралы ұсыныс жасауға құқылы.