Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ҚОРЫ «QAZAQ LATIN KEYBOARD» ЖӘНЕ «RESMIHAT.KZ» АТТЫ ЖАҢА ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР АШТЫ

15 Мамыр 2018 | 10:38

bec46a0696ece410ef010e8cd81fc6b2_MОрталық коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік тілді дамыту қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әзірлеген екі цифрлық жобасы — смартфондар мен планшеттерге арналған латын әріптерімен қазақша пернетақта «Qazaq Latyn Keyboard» мобильді-қосымшасы мен «RESMIHAT.KZ» онлайн-порталының тұсаукесері өтті. Жобалар ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының қоры және «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен әзірленді.

Іс-шараға ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры Атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов,  «Samruk-KazynaTrust»  әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі, басқарушы директоры Лима Диас пен Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев қатысты.

Сұлтан Айтжанов кіріспе сөзінде: «Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасында Елбасы латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу мерзімін айқындады. Бүгінде әлемдік ақпараттың 70% латын әліпбиімен таратылады. Біз бәсекеге қабілетті болу үшін қазіргі заманның ақпараттық кеңістігіне енуіміз қажет. «Qazaq Latyn Keyboard» қосымшасы жастардың  жаңа әліпбиімізді тез үйренуіне септігін тигізетін болады» — деді.

«Qazaq Latyn Keyboard» жобасы қазақ тілін латын пернетақтасы арқылы барлық мобильді қосымшаларда қалыпты қолдануға мүмкіндік береді. Қолданушыларға ыңғайлы болу үшін пернетақта жиынтығының транслитерациясы жасалды. Бағдарлама көмегімен кириллицамен терілген қазақша мәтін автоматты түрде латын графикасына аударылады. «Qazaq Latyn Keyboard» қосымшасының артықшылықтары ретінде: пернетақтадағы қолайлы латын әліпбиі, интерфейс тілін таңдау, оңай орнату, тақырыптарды таңдау, әзірлеушілермен кері байланыс, пайдаланушылардың пікірлері мен рейтингін біліп отыру мүмкіндіктері мен Қордың өзге жобалары мен әлеуметтік желідегі топтарына жасалған сілтемелерін атап өтуге болады. Бұл қосымшаны пайдаланушылардың барлығы дерлік еш қиындықсыз пайдалана алады. Болашақта пайдаланушылардан түскен ұсыныстар бойынша жобаны жақсарту және жетілдіру көзделеді. Қосымшаны App Store және Android-та жүктеп алуға болады.

«RESMIHAT.KZ» ақпараттық-анықтамалық порталының мақсаты – мемлекеттік басқару, әкімшілік аумақтық басқару жүйелері мен қоғамның түрлі қызмет салаларындағы мамандарды іс-қағаздарын қазақ тілінде әзірлеуге үйрету-дағдыландыру болып табылады. Порталда  іскери хат алмасу тілі мен ерекшеліктеріне, ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттаманы толтыру, ақпараттық анықтамалық құжаттарды жүргізу ережелеріне, құжат мәтіндерін біріздендіруде  тілдік құралдарды дұрыс қолдану қағидалары мен  тілдік емлелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Азат Шауеев брифингте сөйлеген сөзінде:  «RESMIHAT.KZ» онлайн-порталында қамтылған ресми құжат мәтіндері: тіл құрылымдарының тұрақтылығы, арнайы терминологияны пайдалану жиілігі, стилистикалық бейтараптылығы, жекелеген жіктелімдер бойынша мәтін құрылымының ұқсастығы секілді функционалдық ерекшеліктерімен сипатталатынын атап өтті. Сайтты әзірлеу барысында біз осы факторларды ескеруге, іс қағаздарын әзірлеуде ресми стиль ерекшеліктерін түсіне отырып, үлгі-нұсқалармен, емле-ережелермен таныса отырып, сауатты жазуға дағдыландыруға күш салдық» — деді.

Порталдың мақсаты әр түрлі құжаттардың дайын үлгілерімен таныстырып қана қоймай, қазақша құжат жазуға үйрету болып табылады.  Сайт жасауда интерактивті функцияларға ерекше көңіл бөлінді. Сайттың интерактивті компоненттері: грамматикалық тұлғалар мен конструкцияларды дұрыс жазуға мүмкіндік беретін функциялар жиынтығы, сөз тіркестерінің аудармасын мәтін ішінде табу мүмкіндігі, дайын шаблондар мен клише тұлғалар жиынтығы, зат есімдерді септеу мен етістік тұлғаларын шақтық түрлендірудің автоматтандырылған әдістері  құжат әзірлеуде практикалық дағдыларды қалыптастыруға, сауатты жазуға көмектеседі.

Құжаттар .doc және .pdf форматында жасалады, оларды дискіге сақтауға, электрондық поштамен жіберуге немесе принтер арқылы басып шығаруға болады. Портал үнемі жаңартылып, жаңа құжаттармен, қазақша іс жүргізуге қажетті әдістемелік нұсқаулармен, ережелермен және өзге де пайдалы материалдармен толықтырылып отыратын болады. Сайттың бөлімдері: Іс қағаздарының түрлері, Іскери хат алмасу, Нормативтік база, Ғылыми мәтін, Әдістемелік көмек, Анықтама бөлімі.

«RESMIHAT.KZ» жобасы бета-тестілеу сатысында сыналып жатыр.

Брифингтің соңында ұйымдастырушылар журналистер арасында викторина мен латын әліпбиіндегі мәтіндерді жедел оқу сайысын өткізді. Жеңімпаздар естелік сыйлықтарға ие болды.

 

 

 

Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметі