Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Латын әрпіне көшу — қазақ тілін дамыту мен жаңғырту жолы»

11 Сәуір 2018 | 10:53

Аймақтағы жастард6ы ғылым және білім саласында қолдау мақсатында 2017 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры мен Ақмола облысы Әкімдігінің арасында серіктестік туралы Меморандум жасалған. Осы Меморандум аясында және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы Мемлекеттік тілді дамыту қорымен бірлесіп 2018 жылдың 11 сәуірінде «Латын әрпіне көшу — қазақ тілін дамыту мен жаңғырту жолы» атты семинарлар өткізді.

Семинардың бірінші кезеңі облыстағы студент жастар, жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, өзге ұлт жастары, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдері, аудармашылар, ғалымдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен облыс әкімдігінің әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында 3өтті (Сәтпаев көшесі, 1 «Б» корпусы).

Семинардың екінші кезеңі мектеп ұстаздары мен 9-11 сынып оқушыларына № 3 Красный-Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясында өтті.

Семинар барысында смартфон және планшеттерге (Android және ІOS платформалары үшін) арналған латын әріптерімен қазақша пернетақта «Qazaq Latyn Keyboard» жаңа жобасының тұсаукесері жасалады.

Семинарды Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Жақыпова Марал Қажыкенқызы жүргізді. Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеевтің, талантты ақын, көптеген халықаралық, республикалық әдеби байқаулардың жеңімпазы, Қазақстан жазушылар одағы Астана қаласы филиалының директоры, «Мәдениет» порталының бас редакторы Бауыржан Қарағызұлының, Қор жобаларының үйлестірушісі Әсет Оспановтың және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдардың  магистрі Лайс Қапезұлы Мусиннің баяндамалары тыңдалады.

Семинарға қатысушылар үшін Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Қазақ латын әліпбиі тарихының архив құжаттары» тақырыбында және Ақмола облысының білім және мәдениет басқармалары тарапынан «Латын әліпбиіне көшу — заман талабы» тақырыбындағы көрмелер ұйымдастырылады. Көрмеге латын графикасы жөнінде Жарлықтың жарияланымдары, мерзімді басылымдар беттерінде шыққан мақалалар, зиялы қауымның ой-пікірлері, 1929-1940 жылдары аралығындағы қазақ жазуының латын графикасында кеңінен қолданылғанын растайтын мұрағаттық құжаттары, білім саласындағы соңғы инновациялар қойылды. Іс-шара соңында Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасы дайындаған өңірдегі жас ақындардың өнерін көрсететін үш бейнероликтердің тұсаукесері өткілді.9

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Толығырақ: http://tilakmol.gov.kz/news/newsread/news_id-489