Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
qozhaay

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Астанада алғаш рет ерекше оқыту қажеттіліктері бар оқушылардың қатысуымен спорттық инклюзивті фестиваль өтті.

17 Ақпан 2018 | 8:56

 IMG-20180219-WA0033«Астана — рухы мықты адамдар қаласы» атты  астаналық бағдарлама шеңберінде «Мүгедектігі бар балалар ата-аналарының қоғамы  «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық бірлестігі және Астана қаласының № 83 мектеп -гимназиясы, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы мен Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен I «Тең мүмкіндіктер әлемі» балалар инклюзивті спорт фестивалі өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — ерекше оқыту қажеттіліктері бар оқушылардың спортпен айналысу құқықтарын жүзеге асыру, оларды кемсітуден сақтау, «ерекше» балалар мен даму ерекшеліктері жоқ балалар арасында бірлескен спорттық іс-шаралар өткізілуіне кедергі болатын стереотиптерді жою.

Screenshot_20180219-161337Қатысушылар: дені сау балалар және ерекше оқыту қажеттіліктері бар балалар:БЦП,  Spina bifida,  Даун синдромы,аутизм спектрі бұзылулары бар балалар, есту қабілеті нашар балалар және кохлеарлы имплантанттар бар балалар, көру қабілеті нашар балалар. Бөктер, бейімделген жүзу, паракаратэ, тхэквондо, хореография сияқты инклюзивті спорттық секциялардың шәкірттері бір спорт алаңында өздері жеткен жетістіктерін көрсетуі Астана үшін ерекше оқиға болды. Және де фестиваль аясында екі шеберлік дәріс: «Голбол» Паралимпиадалық спорт федерациясынан голбол бойынша (зағиптар үшін футбол) және ҚР көше жаттығулары бойынша бас жаттықтырушысы — Айтым Жақыповтың мастер-классы өтеді.

Жоғарыда аталған барлық инклюзивті спорт секциялары «Тең мүмкіндіктер әлемі» мүгедектігі бар балалар ата-аналарының қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті, Мемлекеттік тілді дамыту қоры, Астана қаласы әкімдігінің Оқушылар сарайы, М.Утемисов атындағы оқушылар сарайы, РҚ «Асыл бала», «Замандас 21» аула клубы, «Space Fitness» фитнес-клубы, Астана қаласының №83 мектеп-гимназиясы серіктестік ұйымдардың қолдауымен ұйымдастырылды.

Іс-шарағаScreenshot_20180219-161252 шақырылған қонақтар: ҚР Парламент депутаттары, ҚР Ғылым және Білім министрлігінің өкілдері, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, «Нұр Отан» партиясы Астана филиалының өкілдері, Астана қаласының Әкімдігі Білім басқармасының өкілдері, Астана қаласы Әкімдігінің дене шынықтыру департаментінің өкілдері, «БҰҰБҚ» өкілдері, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларын дамыту қоры, «Асыл бала» Республикалық қауымдастығы, Елшілердің жұбайларының Дипломатиялық клубының Қайырымдылық «ASA» комитеті, Қазақстан Республикасының олимпиада және паралимпиада чемпиондары, қоғам қайраткерлері, ата-аналар, мектеп директорлары, дене шынықтыру мұғалімдері, серіктес ұйымдардың басшылары, іс-шараның демеушілері қатысты.