Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
qozhaay

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Астанада «Алтын тобылғы» шығармашылық байқауының қорытындысы бойынша Қазақстанның ең үздік жас жазушылары марапатталды

14 Желтоқсан 2017 | 10:46

IMG_21012017 жылдың 13 желтоқсанда Назарбаев орталығында жас жазушыларға арналған «Алтын тобылғы» жыл сайынғы республикалық байқауының қорытындысы бойынша Қазақстанның ең үздік жас жазушылары марапатталды. Іс-шара ҚР Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды.

Байқау жыл сайын ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қорымен, сонымен қатар Қазақстан Жазушылар одағы мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен өткізілуде.

Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық әдебиетте жаңа есімдерді қалыптастыру және жас қаламгерлердің өмірлік философиясын көрсететін қазіргі заманғы әдебиетке қоғамның қызығушылығын арттыру болып табылады.

Байқауға еліміздің 18-35 жас аралығындағы жас дарындар қатысты. Бұдан бұрын еш жерде жарияланбаған туындылар ғана қабылданды. «Алтын Тобылғы» сыйлығы «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік балаларға арналған шығарма» және «Туған ел» арнайы номинациялары бойынша беріледі.

Марапаттау рәсімі барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Жұмабаев Қанат былай деді: «Алтын тобылғы» байқауы Қазақстанның жас таланттарын қолдауға бағытталған және олардың әдебиет саласындағы шығармашылық әлеуетін көпшілікке танымал етуге мүмкіндік береді. Жас ақын-жазушылар, прозаиктер мен драматургтердің жаңа есімдері елге танымал болып, шығармалары қазіргі заманғы әдебиетте лайықты орынға ие болуда. Осындай байқаулардың көмегімен қазақтың атақты ақын – жазушылары Абай Құнанбаев, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов сияқты болашақта жарық жұлдыздар шығады деген үміттемін. Биыл біз «Алтын тобылғы» байқауының 2015 және 2016 жылғы үздік жұмыстарынан тұратын кітап басып шығардық. Ал бүгін 2017 жылдың үздік қаламгерлерін марапаттап отырмыз. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймын!»

Шығармаларды еліміздің танымал мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушылар және журналистерден құрылған Қазылар алқасы сараптады. Қазылар алқасын Қазақстанның жазушылар одағының басқарма төрағасы Оразалин Нұрлан басқарды. Байқауға ұсынылған жұмыстар жанрға сәйкестік, ойлау дербестігі, авторлық ұстаным, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем құндылығы, көркемдік қиял мен шығармашылық көзқарас, эстетикалық әсер тереңдігі сияқты өлшемдер бойынша бағаланды. Байқауға ұсынылған туындыларды бағалау әділдігі барынша жоғары болу үшін шығарма лақап атпен қабылданып, сараптау кезінде қазылыр алқасы шығармалар авторларының есімдерін білмеді.

Байқауға 132 қатысушы өз туындыларын жіберді. Соның ішінде үздік деп келесі қаламгерлер таңдалды:

1) «Үздік проза» номинациясы бойынша — Сарыбаев Бейбіт Шегебаевич атанды. Сыйлық қоры — 1 000 000 тг;

2) «Үздік поэзия» номинациясы бойынша — Қарт Мерей Мейртайұлы және Нұрғалым Ұларбек атанды. Сыйлық қоры – әрбір жеңіпмазға 750 000 теңгеден;

3) «Балаларға арналған үздік шығарма» номинациясы бойынша — Әлмаш Айсұлу Жолтайқызы және Туреханова Зауре Галымбековна атанды. Сыйлық қоры – әрбір жеңімпазға 750 000 теңгеден;

4) «Туған ел» тақырыбына арналған үздік әдеби туынды бойынша — Мақпал Мазаққызы Мыса атанды. Сыйлық қоры — 1 500 000 тг.

Биыл, өкінішке орай, «Үздік драматургия» номинациясы бойынша байқаудың барлық шарттарына сәйкес келетін жұмыстар болмады.

Іс-шараға танымал мемлекеттік және қоғам қайраткерлері қатысты: ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары — Сұлтанов Қуаныш, Сейдуманов Серік, Ахметов Сапар, Мамыраев Бейбіт; Қазақстанның Жазушылар одағының төрағасы — Оразалин Нұрлан, композитор, қоғам қайраткері — Мұхамеджанов Төлеген, М.Горький атындағы театр директоры — Қасенов Еркін, «Қоғамдық келісім» РММ директоры — Тараков Александр, ақын — Сарин Қалқаман және басқалар.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры «Алтын Тобылғы» әдебиет сыйлығын  алғаш рет 2015 жылы тағайындады. Байқау еліміздің шығармашыл дарынды жастарын қолдауға арналған Тұңғыш Президент қорының жобаларының бірі болып табылады.