Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
qozhaay

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Жаңа әліпби — жаңғыру жолы»

7 Қараша 2017 | 12:00

FEDM0894  2017 жылғы 7 қараша күні Астанадағы «Назарбаев орталығында» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және Мемлекеттік тілді дамыту қорының ұйымдастыруымен «Жаңа әліпби — жаңғыру жолы» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға қоғам қайраткерлері, депутаттар, лингвист-ғалымдар, филологтар, саясаткерлер, белгілі журналистер қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ әліпбиінің кириллицадан латын әліпбиіне көшуі туралы жарлыққа қол қойған болатын. Елбасы латын қарпіне көшу күрделі үдеріс екенін, сондай-ақ оның мақсаты тілімізді дамыту және оны әлемдік ақпараттық кеңістікке шығару үшін жағдай жасау болып табылатынын атап өтті.

Дөңгелек үстелде сөз алған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов: «Ең алдымен Елбасымыз айтқандай «Ұлттық кодымызды» сақтау үшін және шетелде тұрып жатқан қандастарымызбен қарым-қатынасымызды жақсарту жолында маңызды шешім. Екіншіден, интернеттің кеңінен қол­данылуы, халықаралық деңгейдегі сапа, талап тұрғысынан алғанда латын әліпбиі жаңа технологияларға жол ашары анық»-деді.

Дөңгелек үстел барысында жаңа әліпби авторларының бірі Ш.Шаяхметов атындағы Республикалық үйлестіру-әдістемелік тіл дамыту орталығының директоры Ербол Тлешов өз баяндамасында: «Латын графикасына көшу тарихи оқиға және мемлекеттік бәсекеге қәбілетін арттыру, сонымен қатар ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызы зор» — екенін айрықша атап өтті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл және Геннадий Шиповских, ардагер журналист Сүлеймен Мәмет және басқа да іс-шараға қатысушылар талқылау барысында өз ойларын білдіріп, қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшуінің маңызды үдеріс екеніне ерекше тоқталып өтті.

Жиынды Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев: «Алдағы кезең ұсынылған нұсқаға қазақ тілінің табиғаты мен заңдылықтары тұрғысынан, орфографиялық, орфоэпиялық ережелеріне икем­­ділігі жағынан талдау, талқылау жүр­­гізілетін кезең болмақ және бүгінгі түскен пікірлер мен ұсыныстар Ұлттық комиссияға жолданатын болады»- деп қорытындылады.