Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Үздік қазақтілді интернет-сайт сыйлығы» жыл сайынғы байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда

23 Қазан 2017 | 4:16

7777-1024x451Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай үздік қазақтілді интернет-сайт байқауына өтінімдер қабылдау басталғанын жариялаған. Байқау өткізудегі серіктес – Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

Байқауға үкіметтік емес, тәуелсіз қоғамдық сайттар, ғаламтор кеңістігіндегі тәжірибесі кемінде бір жылды құрайтын,  қазақ тілінде ақпарат тарататын және қызмет түрі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген сайт қатыса алады. Байқауға мемлекеттік органдардың, шетелдік ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының электронды нұсқалары (газет, тв, радио) қатыса алмайды.

Сыйлық мынадай номинациялар бойынша тағайындалады: «Өткір тіл» — қазақ тілін және ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік сайт,  «Рухани азық» – қазақ әдебиеті мен мәдениетін насихаттаушы үздік сайт, «Терең ізденіс» — қазақ елінің тарихын насихаттаушы үздік сайт, «Шынайы өмір» – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын үздік сайт, «Спорт тынысы» — салауатты өмір салты мен спортты насихаттаушы үздік сайт, «Білім бұлағы» — білім беретін үздік сайт, «Жастар әлемі» — жастар тақырыбына арналған  үздік сайт, «Аймақ айнасы» — үздік аймақтық сайт,  «Балаларға базарлық» — балаларға арналған үздік сайт, «Ойын- сауық» —  үздік ойын-сауық сайты.

Әрбір  номинация бойынша жеңімпазға 385 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық тапсырылады. Байқау қорытындысы осы  жылғы қараша айының соңында  шығады.

Байқау ережесімен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының www.fpp.kz және Мемлекеттік тілді дамыту қорының www.qazaq-found.kzсайттарынан танысуға болады.

Ескертеміз байқауға өтінімдер Мемлекеттік тілді дамыту қорының info@qazaq-found.kz электронды мекенжайына 2017 жылдың 15 қарашасына дейін жіберуге болады.