Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
qozhaay

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«QAZAQSTAN3D» ЖӘНЕ «ЖЕТІ ҚАЗЫНА» ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

28 Қыркүйек 2017 | 6:29

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен Мемлекеттік тілді дамыту қоры әзірлеген «Qazaqstan3D» веб-сайты мен мобильді қосымшасын және «Жеті қазына» энциклопедиялық қосымшасын жұртшылыққа таныстырып, іске қосылуына арналған брифинг болып өтті.

Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры korатқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов пен Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев қатысты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында елімізде цифрлық сервистерді дамыту қажеттілігіне ерекше тоқталған болатын. Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған «Qazaqstan 3D» жобасы Қазақстанды таныстырудағы ерекше  мультимедиялық  жолсерік деуге болады.

Жаңа технологияға негізделген «Qazaqstan 3D» жобасының басты мақсаты ғаламтор желісінің мүмкіндігі арқылы өз отандастарымызды, шетелдік қонақтарды республикамыздың көрнекті жерлерімен таныстыру болып табылады. Қазіргі заманға сай дайындалған веб-сайт пен Android және iOS платформаларындағы қосымша жүйелі құрылымымен, қолайлы интерфейсімен ерекшеленеді, мұнда Қазақстанның танымал туристік орындары 3D моделінде таныстырылады. Сайт әлем жұртшылығының Қазақстан туралы толығырақ мағлұмат алуына мүмкіндік береді, ал елімізге саяхат жасауға қызығушылық танытқан шетелдік азаматтардың ғаламтор арқылы өзіне сенімді серіктес тауып, қауіпсіз саяхат жасау бағытын анықтауға және қолайлы тұрғынжай таңдауына көмектеседі. Жоба үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылып отыр.

«Осындай пайдалы ресурстарды ашу арқылы біз рухани байлығымыз бен ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүріміз бен тарихымызды насихаттауға, жастардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға және олардың IT саласындағы білім-біліктерін жетілдіруге ықпал етеміз», — деп атап өтті Сұлтан Айтжанов брифингте.

Ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани  құндылықтарын сақтау – Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары болып отыр. Осы мақсатта әзірленген «Жетi қазына» мобильді қосымшасы — көпшілік көңілінен шығатын жаңа жоба.

Қазақ халқының дүниетанымында «жеті қазына» ұғымы ерекше мазмұнға ие. Халқымыз үшін қасиетті санға айналған жеті саны ұлтымыз үшін қастерлі ұғымдар мен түсініктердің мәнін толықтырады (жеті ырыс, жеті жарғы, жеті ғалам, жеті ата). Көшпенді халықтың жеті қазынасына айналған ақылды әйел, жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан және тайқазан ер жігіттің өмірлік қажеті деп саналған. Қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы осы философиялық түсініктер «Жетi қазына» мобильді қосымшасының тұтастай құрылымы мен мазмұнына арқау болды. Қосымшаның «Киелі сандар сыры», «Салт-дәстүр», «Асыл мұра», «Сөз сандық», «Алтын зер», «Тайқазан», «Ұлы дала ғажайыптары» деп аталатын 7 бөлімі қазақ және орыс тілдерінде мол мағлұмат береді. Ресурс ата-бабамыздан қалған мұра ретінде ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп келе жатқан тарихи аңыздар мен шежіреден сыр шертеді, мәдени құндылықтарымызды таныстырады.

Қазіргі уақытта «Qazaqstan 3D» және «Жеті қазына»  қосымшаларын Android және iOs платформаларында жүктеп алуға болады.