Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық шарасы

1 Маусым 2017 | 10:50

img_35491 маусым күні әлемде Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтеді.Мерекені өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Париждегі Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгресінің шешімімен қабылданды. Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі — балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі. Бұл күннің негізгі мақстаты —  барлық елдердегі балаларға қамқорлық мәселесіне назар аударту.

img_3555

Жаздың алғашқы күні Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Қасиетті жол» балаларды оңалту орталығында қайырымдылық шарасын өткізді. Іс-шара Мемлекеттік тілді дамыту қорының  әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірге ұйымдастырылды. Әр балаға ұйымдастырушылардың атынан «Тәтті алма» ертегілер жинағы мен басқа да қазақ тіліндегі балаларға арналған көркем әдебиет сыйға тартылды. Ал ата-аналар img_3564орталықтың қызметкерлерімен бірлесіп мерекелік концерт ұйымдастырды. Қай халықтың болмасын, елдігін, салт-дәстүрін, ата-мекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпақ. Бүлдіршіндерімізге бақытты балалық шақ, денсаулық әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз. Жолдары ашық болып, ойлаған армандарына жете берсін.

 

Анықтама:

 Әлеуметтік серіктес – «Samruk-Kazyna Trust» – Қазақстан Республикасында қайырымдылық, әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыратын, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобы жанындағы әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.