Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры журналистерге арналған «Көркем SOYLE» атты медиа-тренинг өткізеді.
Тренингке еліміздің барлық аймақтарынан БАҚ өкілдері, радио, теледидар, ақпарат агенттіктері, мерзімді баспасөз бен интернет басылымдарының журналистері қатысады.
Тренинг «Телеарналардағы мемлекеттік тіл», «Радиожурналистикада мемлекеттік тілдің қолданылу мәселелері», «Мерзімді баспасөз және мемлекеттік тіл», «Қазақтілді интернет порталдар», «PR-технологияларда мемлекеттік тілді қолдану ерекшеліктері» тақырыптарын қамтиды.
Аталған тақырыптар бойынша осы саладағы жетекші мамандар мен белгілі саясаттанушылар, тіл мамандары, журналистер, қоғам қайраткерлері дәріс оқиды.
Іс-шара мазмұнына БАҚ-та мемлекеттік тілдің нормаға сай қолданылуы, тіл мәдениетін жетілдіру, журналистердің кәсіби біліктілігін арттыру мәселелері арқау болады.
Тренинг барысында қатысушылар қажетті де пайдалы ақпарат алмасу, мамандардың кеңестерін алу және өзара тәжірибелерімен, идеяларымен, ой-пікірлерімен бөлісу мүмкіндігіне ие болады.
Тренинг соңында әр қатысушыға арнайы сертификат тапсырылады.
Өтетін күндері: 2017 ж. 26 – 27 маусым
Өтетін орны: Астана қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 18, «Тілеп Қобыз Сарайы»
Өтетін уақыты: 10.00 – 14.30;
12.00 -12.30 – кофе-брейк
Сұрақтар мен өтінімдерді келесі электронды пошта арқылы жіберу қажет: info@qazaq-found.kz, seminar_astana2017@mail.ru,
Байланыс телефондары: 8(7172) 74-29-09, 74-36-90 +7 701 940 40 15 (whatsapp).
Сайт: www.qazaq-found.kz