Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
qozhaay

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Жоғарғы сыныптар арасында өтетін жыл сайынғы «Кім білгіш?» республикалық on-line турнирі басталды

18 Мамыр 2017 | 5:18

20 мамыmobile-game_a4_kazрда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры жариялаған «Кім Білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша 9,10,11 сынып оқушылары арасында республикалық on-line турнир басталады.

Жобаның мақсаты: дарынды балаларды анықтау, оқушылардың танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын арттыру, білімді насихаттау, интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға атсалысу.

«Кім Білгіш?» турнирі алғаш рет 2016 жылдың күзінде өткізілді. Ойынның екі кезеңі онлайн режимінде өтіп, финалға 2-ші тур  нәтежесі бойынша ең көп ұпай жинаған оқушылар қатысты. Астанада өткен қорытынды ойынына республиканың түрлі аймақтарынан 10 ойыншы қатысып, жеңімпаздар арнайы грамоталар мен бағалы сыйлықтар иеленді. Биыл турнир оқушыларға тиімді уақытта — жазғы демалыстарда өткізіледі.

«Кім Білгіш?» ойыны спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, әлемде, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарындағы 25 000-нан астам сұрақтардан тұратын мобильді қосымша. Онлайн турнир «Кім білгіш?» интеллектуалды ойыны бойынша қатысушылар арасындағы сайыс түрінде өтеді. Ойыншы алты раунд бойы түрлі категориялардағы сұрақтарға жауап беруі қажет. Ойын жеңімпазы дұрыс жауаптар саны бойынша анықталады. Турнир қазақ немесе орыс тілінде өткізіледі.

Онлайн турнирге қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі — 2017 ж. 20 мамырынан 30 маусымына дейін.

Онлайн турнирге www.qazaq-found.kz  сайтының арнайы байқау парақшасына алдын-ала қатысуға өтінім жіберген республиканың жоғарғы сынып оқушылары (9,10,11 сыныптар) қатыса алады.

І және ІІ тур 2017 ж. 1 шілдеден 31 тамызға дейін онлайн режимінде өтеді. Финал 2017 ж.  қазан айында Астанада өтеді.

Турнирдің Ережесімен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының www.fpp.kz  және Мемлекеттік тілді дамыту қорының www.qazaq-found.kz  сайттарынан және ресми әлеуметтік желілерінен танысуға болады.

Анықтама телефондары: 8(7172) 74-29-09, 74-36-90

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры (әрі қарай – Қор) 2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылды. Бүгінде Қор адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және қазақстандық жаңа ұрпақтың қалыптасуына бағытталған Президент идеяларын мақтанышпен жүзеге асырып жатыр.

Қор жұмысы талантты жастарды қолдауға, әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды және бәсекеге қабілетті сараптама-талдау орталығын дамытуға бағытталған.

Қор нақты әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешетін идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға ұмтылады. Қайырымдылық шаралары жүйелі түрде жүргізіледі.

2017 жылы 80-нен астам жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

 

«Кім Білгіш?» интеллектуалды-танымдық мобильді ойыны бойынша жоғарғы сыныптар арасында өтетін жыл сайынғы республикалық онлайн турнирдің 

ЕРЕЖЕСІ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Кім Білгіш?» интеллектуалды-танымдық мобильді ойыны бойынша жоғарғы сыныптар арасында республикалық «Кім білгіш?» онлайн турнир өткізеді (әрі қарай Турнир).

1.2.  Турнирдің мақсаты мен міндеттері:

— дарынды балаларды анықтау;

— оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын арттыру;

— білімді насихаттау, интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға атсалысу;

— өскелең ұрпақты отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу;

— шығармашылық белсенділіктерін арттыру;

— әлемді танып-білуге қызығушылығын арттыру, қазақ халқының тарихы, мәдениеті туралы білімдерін жетілдіру мен тереңдету;

— оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету.

1.3. Турнир құрылтайшысы — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры.

Турнир өткізудегі ұйымдастырушы мен серіктес – Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

Турнир туралы барлық ақпаратпен ұйымдастырушылардың fpp.kz және www.qazaq-found.kz  сайттарынан және Қорлардың ресми әлеуметтік желілерінде танысуға болады.

 

ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ

2.1. Турнир спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, әлемде, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарындағы 25 000-нан астам сұрақтардан тұратын «Кім Білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша өтеді.

2.2. Ойын бағдарламасы қатысушыларды жұптарға бөліп, жеңіске жеткен ойыншы Турнирдің басқа қатысушыларымен ойынды жалғастырады.

2.3. Ойын барлық деңгейлерде қарсыластарын ұтып шыққан жеңімпаз анықталғанға дейін жалғастырылады.

2.4. Ойын статистикасы Турнирдің әр қатысушысы жинаған нақты ұпайлар берілген рейтинг түрінде қорытынды нәтижені көрсетеді.  Ең көп дұрыс жауап берген қатысушы жеңімпаз аталады.

2.5. Ойын әрқайсысы 3 сұрақтан тұратын 6 раундтан тұрады. Көмек ретінде қатысушыға 50/50 қызметін пайдалануға мүмкіндік беріледі. Қатысушыға бір сұраққа жауап беруге 40 секунд уақыт беріліп, сұраққа жауап беруге үлгермеген жағдайда нәтиже қате деп саналады.

2.6. Қатысушыға әр раундта қолжетімді 9 категориядан кез-келгенін таңдап алу мүмкіндігі беріледі.

2.7. Турнир ойыншының таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде өткізіледі.  Қатысушылар таңдаған тілге сәйкес топтарға бөлінеді.

ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ

3.1. Турнирдің басталуы туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының www.fpp.kz және Мемлекеттік тілді дамыту қорының www.qazaq-found.kz сайттары мен ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады.

3.2. Турнирге қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі — 2017 ж. 20 мамырынан 30 маусымына дейін. Турнирге www.qazaq-found.kz сайтының арнайы байқау парақшасына алдын-ала қатысуға өтінім жіберген республиканың жоғарғы сынып оқушылары (9,10,11 сыныптар) қатыса алады.

3.3. Бірінші тур 2017 ж. 1 шілдеден 31 шілдеге дейін қашықты түрде онлайн режимінде өтеді. Бірінші турдың мақсаты келесі турға өтетін ойыншыларды іріктеу, қатысушылардың жалпы ойын шарттарымен танысуы, меңгеруі.

3.4. I тур қорытындысы бойынша ең үздік жалпы нәтиже көрсеткен қатысушылар автоматты түрде ІІ турға өтеді.

3.5. ІІ турға өткен қатысушылар смс пен электронды пошта бойынша хабарландырылады.

3.6. Екінші тур онлайн режимінде  2017 ж. 1 тамыздан 31 тамызға дейін өтеді.

3.7. Қорытынды тур 2017 ж. қазан айында Астана қаласында өтеді. Финалда ІІ тур жеңімпаздары жүлделі орындарға таласады. Финалдың қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған жеңімпаздар анықталады.

 

ТУРНИРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ

4.1. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2017 ж. қазан айында Астана қаласының «Назарбаев орталығында» өтеді.

4.2. Финалда ең үздік нәтиже көресеткен қатысушылар бағалы сыйлықтар және арнайы дипломдармен марапатталады.

4.3. Турнирдің қорытындысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының сайттарында және ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады.