Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Баспасөз мәслихаты өтті

4 Наурыз 2009 | 6:26

Бүгін Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қорының кезекті баспасөз мәслихаты өтті. БАҚ өкілдерімен кездескен қор директоры Берік Әбдіғалиев, қор қамқоршылық кеңесінің мүшесі, сенатор Қуаныш Сұлтанов және «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашевтар орыстілді басылымдарда жарық көрген мемлекеттік тіл туралы үздік мақала авторларын марапаттады.
Қор директоры Б.Әбдіғалиевтың айтуынша, байқауға қатысқан 30 шақты орыстілді журналист қазақ тілі туралы өз мақалаларын қорға ұсынған. Үміткерлердің мақалалары осы жылдың қаңтар және маусым айларында түрлі газет беттерінде жарық көрген.
«Біз байқауға қатысушыларға қандай да бір, жанр жағынан болсын, қатаң талап немесе шектеу қойған жоқпыз. Ең бастысы, олардың қазақ тілі туралы нанымды пікірді орыстілді қауымға жеткіземін деген талпынысын қолдадық», – дейді қор директоры. Сондай-ақ ол байқаудың сәтті өтуіне қолдау көрсеткен «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасы төрағасы Азат Перуашевке алғысын білдірді.
Сонымен бірге Әдәлқазылар алқасының Төрағасы Қ.Сұлтанов бірінші орын туралы қазылар алқасының байқау ережесінен тысқары шешім қабылдағанын хабарлады. Мәселен, ереже бойынша, қазақ тілі туралы үздік мақала жазған жеке журналист марапатталуы тиіс-тін. Ал қазылар бірінші орын үшін тұтастай бір редакцияны марапаттауды ұйғарыпты. Бұл құрметке «Экспресс К» газетінің ұжымы ие болды. Себебі, аталған газет соңғы 4-5 жыл бойы қалыпты түрде тіл мәселесін көтеріп келеді. Тіпті жуықта газет «Язык мой – флаг мой» атты айдар аясында қазақ тілі турасында татымды мақалалар тобын жариялады.
Сонымен аталған газет ұжымы Мемлекеттік тілді дамыту қорының «Орыстілді басылымдардағы мемлекеттік тіл туралы үздік мақала» байқауының жеңімпазы атанып, арнайы дипломмен және 300 мың теңгемен марапатталды. Ал екінші орынға қазылар алқасы республикалық «Время» басылымының семейлік тілшісі Милана Гузеева лайықты деп тапты. Ол қордың дипломы мен 200 мың теңесін олжалады.
Қазылардың осы шешіміне түсінік бере кеткен Қуаныш Сұлтанов: «Милананың «С языком не пропадешь» атты мақаласы қазақ тілін үйренуді қиынсынып жүрген көпшілікке жақсы үлгі болары анық. Онда Василий деген қарапайым жігіт туралы баяндалады. Кейіпкер кочегар болып жұмыс істейді. Өздігімен талпынып қазақ тілін үйреніп алады. Кешікпей орыс мектептеріндегі қазақ тілінің мұғалімі мамандығы бойынша педагогикалық колледжге оқуға түседі. Міне, бұл – өмірдің өзінен алынған нақты, шынайы мысал. Тіл үйренуде ең бірінші адамның ниеті басты рөлде екенін көрсетеді» — деді.
Үшінші орынды «Государственный язык – основа единения общества» атты сұхбаты үшін «ҚазАқпарат» агенттігінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Вера Ливинцова жеңіп алды.
«Бұл материал барынша қазақ тілінің өзекті мәселесін көтеруге талпынған. Қысқаша айтқанда, журналист тіл, патриотизм және мәдениеттің бір-бірінен еш уақытта ажырамайтын баяндаған», – атап өтті Қ.Сұлтанов.
Сондай-ақ, бүгін «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы мен Қор арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандумға қол қою барысында А.Перуашев: «Біз қазақ тілінің қолданыс аясын, әсіресе, халыққа қызмет көрсету саласындағы бизнес-құрылымдарда кеңейте түсу туралы келісімге келдік. Бизнес қазақша сөйлеуі керек, бұл — дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома» — деп атап өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша аталған байқау келесі журналистер мерекесі күні қарсаңында да ұйымдастырылады. Сондай-ақ олар келер жылы байқауға орыстілді журналистердің биылғыдан да белсене қатысып, қазақ тілі туралы бұдан да көп әрі өзекті мақалалар жазатынына үміттенетінін жасырмады.