Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
qozhaay

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Тіл — мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты өзге ұлттардың 5-10 сынып оқушылары арасында мемлекеттік тіл бойынша ХІ республикалық қашықтық олимпиадасы

29 Наурыз 2017 | 12:00

dsc_0101

Ақыл-ой және рухани дамудың, қарым-қатынастың құралы ретінде қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылық танытқан, лингвистикалық қатынаста дарынды оқушыларды қолдау және анықтау мақсатында Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» XІ республикалық қашықтық олимпиадасын үстіміздегі жылдың 28-29 наурыз аралығында Астана қаласында Нұр Орда мектеп-лицейінде өткізді.

Олимпиадаға 5-10 сыныптарда оқитын өзге ұлт өкілдерінің оқушылары қатысты. Олимпиада екі кезеңде өткізілді:

On-line режимінде өткен I кезеңге 2561 оқушы қатысты. Ең жоғары ұпай жинаған 167 оқушы олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысуға шақырылды.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері түркітілді және орыстілді топтар бойынша қазылар алқасының шешімімен «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға Мемлекеттік тілді дамыту қорының сыйлықтары тапсырылды.

Мәдени іс-шаралар аясында олимпиадаға қатысушылар ҚР Ұлттық мұражайына саяхат жасады.

Іс-шара Мемлекеттік тілді дамыту қорының  әлеуметтік серіктесі  «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірге ұйымдастырылғанын атап өтеміз. Іс-шара барысында «Samruk-Kazyna Trust» қорының қызметі туралы ақпарат берілген буклеттер таратылды.

Анықтама:

Әлеуметтік серіктес – «Samruk-Kazyna Trust» – Қазақстан Республикасында қайырымдылық, әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыратын, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобы жанындағы әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.