Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақ тілін цифрлық жүйемен оқуға жол ашылды

21 Ақпан 2017 | 6:44

img_1605Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Soyle.kz» порталының IOS платформасындағы мобильдік қосымшасы мен патриоттық тақырыптарға арналған басқа да қосымшалардың тұсаукесерін өткізді.

Іс-шараға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Атқарушы Директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов  және Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев қатысты.

Мобильді қосымшалар қазақ тілін үйренуді көпшілікке қолжетімді ету, қазақ халқының рухани, әдеби және мәдени құндылықтарын кеңінен насихаттау, жастар арасында IT-білімдерін қалыптасыру және өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу  мақсатында жасалған. Жаңа отандық ІТ-өнімдер Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы мемлекеттік тілді әрі қарай дамыту және жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеудегі қойылған міндеттерге толығымен сай келеді.

Бұл — өткен жылы Елбасының тілге қатысты жобаларды жүзеге асыру үшін Қорға берген қаржысына ашылған «Abaialemi.kz» онлайн-энциклопедиясының, «Tattialma.kz» балалар әдеби сайтының мобильді қосымшалары. Сондай-ақ, «Менің Қазақстаным», «Қазақстанның ұлы тұлғалары», «Қазақстанның мерекелері» және тұңғыш отандық интелектуалды ойыны – «Кім білгіш?» атты қосымшалары.img_1614

Сонымен қатар, Қор Soyle.kz порталының жаңартылған және жаңа бөлімдермен толықтырылған нұсқасымен таныстырды. Сайттың дизайны технологиялық тұрғыдан бүгінгі заман талаптарына сай өзгертілген. «Sozdik.soyle.kz», «Сайттар каталогы», «Мақал-мәтелдер», «Жұмбақтар мен жаңылтпаштар», «Бүгінгі күннің сөзі», «Іс-шаралар афишасы» секілді жаңа бөлімдер жасалған. Мысалы, «Кітапхана» бөлімінде «кітапты жүктеу» функциясы пайдаланушыларға өз кітаптарымен бөлісуге мүмкіндік береді. Латын қаріпіне көшу фунциясы енгізілген. Ағылшынтілді пайдаланушылар үшін порталдың ағылшынша нұсқасын жасау қолға алынды.

2016 жылдың қыркүйегінен Soyle.kz әдістемесі бойынша қазақ тілін Skype арқылы оқыту басталды. Бүгінгі таңда Skype арқылы Қазақстан мен шет елдерден 200-ден астам адам тегін қазақ тілін үйреніп жатыр.

Осы жылы Қор ресми іс-қағаздарды жүргізуді онлайн үйрететін тұңғыш —  «Quzhat.kz» атты (іскери құжаттар үлгілері) тегін интернет порталын және қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениеті мен тарихын қамтитын «Жеті қазына» атты мобильді қосымшасын әзірлеуде.

Аталған жобалар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржысына  жүзеге асырылды.