2017 жылдың 8 қаңтарында Астана қаласының көпбалалы және аз қамтылған отбасыларының балалары Астаналық циркте жаңа жылдық «Алиса в зазеркалье» ертегісін тамашалады. Мемлекеттік тілді дамыту қоры қайырымдылық шара аясында «Замандас» отбасылық клубының балаларына осы шараға 20 билет сыйлады.
Жаңа жыл – ең ғажайып әрі қайталанбас сәттерге толы қуанышқа мереке. Балалар үшін жаңа жылдық мереке – ертегілер мен Аяз ата, ақшақармен өтетін көңілді әрі сиқырлы кездесу.
Спектакль барысында кішкентай көрермендер Алисаның шытырмандары мен астаналық цирк әртістері дайындаған номерлерді аса қызығушылықпен тамашалады. Қойылымға көңілді сайқымазақтар, әуе гимнастары, акробаттар, сондай-ақ үйретілген аңдар – африкандық арыстандар, понилер, далматиндер қатысты.
Іс-шара Мемлекеттік тілді дамыту қорының әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірге ұйымдастырылғанын атап өтеміз.
Өткізілген уақыты: 2016 ж. 8 қаңтар, сағат 16.00-де.
Өткізілген орны: Астана қ., Қабанбай батыр, 5, «Астаналық цирк»
Анықтама:
Әлеуметтік серіктес – «Samruk-Kazyna Trust» – Қазақстан Республикасында қайырымдылық, әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыратын, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобы жанындағы әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.